• Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы (WALS) Сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

    19.09.2022Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы (WALS) Сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті
    2022 жылдың 19 қыркүйек күні Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы (World Association of Lesson Studied) Сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңеске 28 адам мүше. Оның ішінде Педагогикалық шеберлік орталығының өкілі Акимова Тауиля бар. Кеңес мүшелерінің күн тәртібінде Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының конституциясына енгізілген өзгерістер, 2023 жылы WALS халықаралық конференциясын өткізу орны, ассоциацияның жылдық есебі және оның мүшелерін қайта ...
  • Lesson Study Kazakhstan көкжиегі кеңеюде

    12.07.2022Lesson Study Kazakhstan көкжиегі кеңеюде
    NIS Педагогикалық шеберлік орталығының «Lesson Study Kazakhstan» ауқымды жобасы аясында 2022 жылы шілденің 12–15 күндері Қырғызстан Республикасының Bilimkana мектептері желісінің мұғалімдері үшін Нұр-Сұлтан қаласында білім беру туры ұйымдастырылды. «Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану бойынша педагогтердің кәсіби дамуын арттырудың бірегей мүмкіндігі, әріптестермен тәжірибе алмасу және ауқымды мәдени бағдарлама бұл жобаның ерекшелігі болып саналады. «Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби дамуының ...
  • «Нысанада – мектеп сабағы» Lesson Study кейс-сессиясы

    11.12.2021«Нысанада – мектеп сабағы» Lesson Study кейс-сессиясы
    11 қараша күні «Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз» XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Нысанада – мектеп сабағы» кейс-сессиясы өтті. Сессия жұмысына 1000-нан астам қатысушы қосылды. Негізгі спикер ретінде профессор, халықаралық сарапшы, Сабақты зерттеу Дүниежүзілік Қауымдастығының (WALS, Жапония) негізін қалаушылардың бірі –Хироюки Куно қатысты. Спикер кейс-сессияда тәжірибелік іс-шаралар барысында белгілі болған қатысушылардың қорытындыларына сараптамалық баға берді. Мұғалімдер 10 сессия залында белсенді түрде өзара жұмыс істеді. Сабақ үзінділеріне фокустық бақылау жүргізу, бірлесіп талқылау оларға сабақты сапалы қадағалау үшін қандай ...
  • WALS халықаралық конференциясындағы Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші симпозиум

    29.11.2021WALS халықаралық конференциясындағы Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші симпозиум
    2021 жылы 29 қарашада Макаода «Revisiting Lesson and Learning Studies: Accessibility, Quality, and Sustainability» тақырыбында WALS (Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы) кезекті халықаралық онлайн конференциясы өз жұмысын бастады. Дәстүрлі түрде бұл әлем елдерінің педагогтері мен зерттеушілері тәжірибе алмасатын көпке танымал әлемдік алаң. WALS-тың тұрақты мүшесі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (Орталық) жыл сайын өткізілетін іс-шараларға қатысып отырады. Орталық бүгін алғаш рет 100-ден астам сарапшы мен зерттеушілердің қатысуымен симпозиум өткізді, онда 4 тренеріміз негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. Симпозиум модераторы – Питер Дадли, белгілі ғалым, PhD докторы, ...
  • Педагогикалық шеберлік орталығы EDCrunch Glocal-да

    12.08.2021Педагогикалық шеберлік орталығы EDCrunch Glocal-да
    2021 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Білім берудегі технологиялар жайында жыл сайынғы халықаралық конференция – EDCrunch Glocal алғаш рет Алматы қ. өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әлемдік ең ірі конференция сессияларына қатысуы дәстүрге айналған. Осы жылы орталық 2 сессия ұйымдастырды. Тренерлер С.А. Жолдасбаева, Р.Г. Рамазановтың «ADKAR дәмі бар менеджмент рецепті немесе қалай тиімді басқаруға ...
  • LESSON STUDY FEST 2021. «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

    14.06.2021LESSON STUDY FEST 2021. «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»
    2021 жылдың 11 маусымында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен онлайн-режимде «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында IV қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалдарының тренерлері, жалпы білім беретін мектептердің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері қатысты. Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығы ...
  • «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми–практикалық конференциясы

    28.09.2020
    Құрметті әріптестер!   Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.   Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады.  Конференцияның өту ...
  • Нұр-Сұлтан қаласы педагогтерінің Жапониядағы екінші білім беру туры сәтті аяқталды

    24.02.2020Нұр-Сұлтан қаласы педагогтерінің Жапониядағы екінші білім беру туры сәтті аяқталды
    2020 жылдың ақпан айының 17-сі мен 19-ы аралығында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Жапониядағы білім беру туризмі» жобасы аясында «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» (Токио қ.) тақырыбындағы халықаралық семинарға Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беретін мектептерінің директорлар мен мұғалімдер делегациясы қатысты. Тренерлер Байгаринова Жанна мен Идришева Зухра делегацияға жетекшілік етіп, шараларды ұйымдастырды. Білім беру турының мақсаты жапондық ...
  • “Білім беру туризмі” жобасы аясындағы Lesson Study бойынша екінші семинар, Токио қ. (Жапония), 17-19 ақпан 2020 ж.

    23.02.2020
    2020 жылдың ақпан айының 17-і мен 19-ы аралығында қазақстандық делегация Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген «Білім беру туризмі» жобасының аясында Токио қаласында (Жапония) ұйымдастырылып, өткізілген «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты. Делегация құрамына Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектеп директорлары мен директорлардың орынбасарлары, пән мұғалімдері, Білім Басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының қызметкерлері (барлығы ...
  • «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

    10.02.2020«Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»
    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылдың 1–2 қазан күндері онлайн режимінде «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, онда «Қазақстандағы Сабақты зерттеу» жобасына қатысушылардың зерттеу нәтижелері ұсынылды. Жыл сайын өтетін конференция қонақтары ретінде белгілі педагог-ғалымдар: Питер Дадли, PhD докторы, Дүниежүзілік Сабақты зерттеу Қауымдастығының (WALS) Президенті, Лестер университетінің (Ұлыбритания) құрметті профессоры ...