WALS халықаралық конференциясындағы Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші симпозиум

« of 4 »

2021 жылы 29 қарашада Макаода «Revisiting Lesson and Learning Studies: Accessibility, Quality, and Sustainability» тақырыбында WALS (Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы) кезекті халықаралық онлайн конференциясы өз жұмысын бастады. Дәстүрлі түрде бұл әлем елдерінің педагогтері мен зерттеушілері тәжірибе алмасатын көпке танымал әлемдік алаң.

WALS-тың тұрақты мүшесі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (Орталық) жыл сайын өткізілетін іс-шараларға қатысып отырады.

Орталық бүгін алғаш рет 100-ден астам сарапшы мен зерттеушілердің қатысуымен симпозиум өткізді, онда 4 тренеріміз негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. Симпозиум модераторы – Питер Дадли, белгілі ғалым, PhD докторы, WALS Президенті, Кембридж университетінің (Ұлыбритания) қауымдастырылған профессоры.

«Қазақстанда Сабақты зерттеу» жобасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ұсынылды, қашықтан оқытудың зерттеу процесіне әсер ету ерекшеліктері, оларды шешудің қиындықтары мен тәсілдері, сондай-ақ аталған тәсілді кәсіби нетворкингке енгізу шарттары талқыланды.

Симпозиум соңында Питер Дадли талқылауды қорытындылай отырып, ПШО-ның Сабақты зерттеу жобасын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, мұғалімдердің зерттеулері Қазақстанның ұлттық білім беру саясатының негізіне айналып, ұлттық куррикулумның өзгеруіне, педагогикаға, андрогогикаға және бағалау жүйесіне әсер етуі тиіс.

Жалпы конференцияда ПШО-ның 12 тренері өз зерттеулерінің қорытындысын ұсынады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *