LESSON STUDY FEST 2021. «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

« of 4 »

2021 жылдың 11 маусымында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен онлайн-режимде «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында IV қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалдарының тренерлері, жалпы білім беретін мектептердің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері қатысты.

Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары Абишева Г.Т. өз сөзінде мұғалімдер жүргізетін Сабақты зерттеудің өнімділігі мен нәтижелілігін атап өтті. ПШО Өскемен қ. филиалының тренері, Дэусто университетінің (Бильбао, Испания) Ph.D in Education кандидаты Хохотва О.И. Сабақты зерттеуді онлайн-мәнмәтінде трансформациялау мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. №69 мектеп-гимназиясының директоры Аблезов М.С. қашықтан оқыту жағдайында Lesson study-ды өткізу және іске асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Елорданың бес жалпы білім беретін мектептерінің видеорепортаж сюжеттері қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудың мектепішілік үдерісінің ажырамас бөлігі болды, LS бойынша қолданыстағы кабинеттер ашылды.

Постерлердің виртуалды көрмесінде мұғалімдер Сабақты зерттеу нәтижелерін ұсынды. Жүлдегерлерге дипломдар мен сертификаттар табысталды. Тректердегі жұмыс өнімді жүзеге асып, қатысушылар жоспарлау, сабақтарды бақылау, оқытудағы кәсіби трансформациялар және Lesson Study-ды қолдану нәтижелері тақырыптарын талқылады.

Сессия жұмысында «LS туралы диалогтер» айдары әрбір қатысушыға тәсілдің өзінің тәжірибесіне әсері туралы, әріптестерімен бірлескен жұмыстың арқасында оқытудағы өзгерістері жайында пікір білдіруге мүмкіндік берді.

Конференция соңында «Lesson study-таңғы асы – 2021» викторинасының жеңімпаздары Lesson Study Kazakhstan сарапшыларымен бірге таңғы асқа шақырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *