Іс-әрекеттегі зерттеудегі табысты тәжірибе

Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалы Қарағанды облыстық Білім басқармасымен және Қарағанды облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп,

2015 жылғы 6 қарашада Қарағанды қ. №93 гимназия базасында «Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалы Қарағанды облыстық Білім басқармасымен және Қарағанды облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, 2015 жылғы 6 қарашада Қарағанды қ. №93 гимназия базасында «Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Бұл шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқудан өткен сертификатталған мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Семинардың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының басты идеяларына сәйкес педагог-практиктердің іс-әрекеттегі зерттеуін ұйымдастырудағы жаңа мүмкіндіктерді әзірлеу.
Семинардың міндеті:
– педагог-практиктердің зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы түрлі тәсілдерді зерделеу;
– шынайы мектеп жағдайында мұғалімдер үшін тиімді әдістер мен тәсілдерді белгілеу;
– педагогтердің өз жұмысында рефлексивтік талдау қабілетін қалыптастыру үшін зерттеу тиімділігіне жетудің негізгі шарттары ретінде жағдай жасау;
– «Action Research» өткізудегі педагогтердің тәжірибесін зерделеу және қорыту;
– Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша педагогтердің қызметін мониторингілеу.
Семинар жұмысына барлығы 305 педагог қатысты, оның ішінде облыстық білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинет меңгерушілері, бөлімдерінің мамандары, Жетекші мектептердің үйлестірушілері мен Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқудан өткен мұғалімдер болды.
Семинардың пленарлық бөлімінде ПШО Қарағанды қаласындағы филиалының директоры О.Г. Сурначева, Қарағанды қ. ХББ бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Тесоро Дженифер сөз сөйледі.
Сегіз секцияда 57 педагог мына бағыттар бойынша жарыссөзге шықты:
– Бірлескен оқу;
– Бағалау жүйесін өзгерту;
– Коммуникативтік дағдыларды дамыту;
– АКТ-ны пайдалану;
– Сын тұрғысынан ойлау;
– Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
– Мұғалімдердің зерттеу жұмысындағы рефлексивтік ойлаудағы рөлі.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *