Құрметті әріптестер!
Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.
Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады.
Конференцияның өту форматы: онлайн. Қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйегінде басталады.
Конференция ақылы негізде өткізіледі. Қатысу үшін тіркелу жарнасы – 3000 теңге.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанда Сабақты зерттеу (Lesson Study Kazakhstan) жобасын іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.
Конференцияның жұмыс бағыттары:
– қашықтан оқыту жағдайында Сабақты зерттеу (Lesson Study) процесін ұйымдастыру және басқару;
– Сабақты зерттеу (Lesson Study) кезінде бір пән мұғалімдерінің топтарында оқыту мен оқудағы өзгерістер;
– Сабақты зерттеу (Lesson Study): оқушылардың оқу жетістіктері;
– Сабақты зерттеу (Lesson Study): мұғалімдердің кәсіби өсуі;
– Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін қолдану нәтижелері: жаңа мүмкіндіктер мен педагогикалық жаңалықтар.
Қонференцияға қатысу формалары:
- ауызша таныстырылым (15 минуттан артық емес);
- постерлік таныстырылым көрмесіне қатысу;
- қатысушы.
Конференция ұйымдастырушылары таныстырылымдарға материалдарды іріктеу құқығын өздеріне қалдырады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның өту тәртібі:
2020 жылдың 1 қазанында сағат 12-00 постерлік таныстырылымдардың виртуалды көрмесі өткізіледі. Конференцияға қатысушы виртуалды көрмеге онлайн қатысып, зерттеу авторына сұрақтар қойып, пікір қалдырады.
2020 жылдың 2 қазанында сағат 14-00 Конференцияға тіркелген қатысушылар іс-шараға онлайн қатысады.
Конференция өтетін сайт: http://conference.cpm.kz/ru.
Конференцияға қатысушылар электронды қатысу сертификатын алады.
Конференцияға қатысу тәртібі:
Конференцияның http://conference.cpm.kz/ru веб-сайтында тіркеліп, тіркеу жарнасын төлеңіз.
Баяндаманың тезисін және постер бейнесін astanacpm19@gmail.com электрондық поштамен 2020 жылдың 22 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жіберілген құжаттардың атаулары төмендегідей болуы қажет:
1) Т.А.Ә.– Асбтракт.doc
2) Т.А.Ә. – Постерлік таныстырылым бейне. (Мысалы: Иванов П.С. – Абстракт.doc, Иванов П.С. – бейне).
Байланыс: Педагогикалық шеберлік орталығы, Нұр-Сұлтан, көш. Хусейн Бен Талал, 21/1 ғимарат, тел. 8 (7172) 235742.
Telegram chatbot: https://t.me/joinchat/AAAAAEosa_XXOtTQfUBVqA.
«Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми– тәжірибелік конференцияға жіберілетін материалдардың мазмұнына және безендірілуіне қойылатын талаптар
Абстрактіге қойылатын талаптар:
1.1 Сөздер саны 500– ден артық емес.
1.2 Абстрактіде төмендегілер қамтылуы керек:
- зерттеу сұрағы, зерттеу мақсаты;
- зерттеу әдіснамасы/әдебиеттерге шолу;
- нәтижелер мен қысқаша қорытындылар;
1.3 Жіберілетін материал техникалық талаптарға сәйкес рәсімделеді:
- Microsoft Word мәтіндік редакторды қолдану;
- негізгі мәтін қаріпі – Times New Roman;
- негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 14 пт;
- жоларалық интервал – 1.0;
- жиектері: сол жақ – 3 см, қалғандары – 2 см;
- мәтінді туралау – ені бойынша;
- автоматты тұрде тасымалдау қосылған.
1.4 Жоғарғы сол жақ бұрышта автор(лар) туралы ақпарат орналасады: тегі, аты– жөні, әкесінің аты (толық), jpeg форматында ұсынылған автор(лар)дың фотосуреттері; ғылыми дәрежесі (егер бар болса), лауазымы, жұмыс орны; байланыс телефоны және e– mail.
- Таныстырылымға қойылатын талаптар:
2.1 Таныстырылым мазмұны:
- автор(лар)дың өзіндік зерттеулеріне негізделеді;
- автор(лар)дың шынайы тәжірибесінен келтірілген нақты мысалдарды қамтиды;
- нақты нәтижелер мен қорытындылар ұсынылады.
2.2 Таныстырылым Microsoft PowerPoint қосымшасында жасалады.
2.3 Таныстырылым көлемі баяндама жасауға арналған 15 минут уақытты ескереді.
2.4 Материалдар қазақ/орыс/ағалшын тілінде ұсынылуы мүмкін.
- Постерлік таныстырылымға қойылатын талаптар:
3.1. Постерде келесі мәліметтер қамтылады:
- мектептің атауы, өңір;
- ағымдағы/аяқталған сабақты зерттеу туралы есептер. Зерттеушілік есептерде нақты зерттеу тақырыбы, зерттеу сұрағы(тары), деректер жинау әдісі, деректердің талдауы және зерттеудің жуық нәтижесі көрсетіледі;
- жұмыс нәтижелері.
3.2 Постер 1 слайдта Microsoft PowerPoint бағдарламасында жасалады.
3.3 Зерттеудің мәні мен нәтижесін ашатын постер Microsoft Teams бағдарламасында 2-3 минуттық бейне жіберіледі.