«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы 2018 жылдың 15-16 қараша күндері «Сабақты зерттеу (Lesson Study) – қазақстандық тәжірибе» тақырыбы бойынша аймақтық конференция өткізді.
Конференцияның жұмысына химия-биология, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері; Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты және Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебі; Алматы қаласының 18 жетекші және оған серіктес мектептері; Алматы қаласының, Түркістан, Жамбыл облыстарының мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны: 140 адам.
Аймақтық конференция өзгеше форматта жүргізілді. Қатысушыларға ұсынылған жұмыс түрлері:
- топтық талқылаулар және спикерлердің шеберлік-сыныптарының нәтижелері бойынша командалық инсайттар анықтау;
- 18 жетекші мектептерінің және Химия-биология, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің зерттеуші-мүғалімдерінің тәжірибе алаңы: сабақты зерттеудегі 2016-2018 жж. (Lesson Study) озық тәжірибелерді айқындау, тарату;
- «Біреудің идеясын алсаңыз, абыроймен қолданыңыз» фасилитация сессиясы кезіндегі қатысушылардың «Сабақты зерттеуді (Lesson Study) жүргізу бойынша тәжірибем мен дағдыларымды қалай дамыта аламын?» сұрағы бойынша идеяларымен бөлісуі;
- конференцияның нәтижесі бойынша спикерлердің панелдік пікір алмасу.
Конференция баннерін визуалды безендіру қатысушылардың ерекше қызығушылығын туындатты. Қатысушылар конференция баннерін өздері безендірді: сурет салды, толықтырды, жазды. Ол тиімді командалық өзара әрекеттестікті орнатуға, әр қатысушының конференция жұмысына қатысы бар екенін сезінуіне ықпал етті.