Семинардың мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің практикасында Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін қолдану мәселелері бойынша тренерлерді кәсіби дамыту.
Семинардың спикері – Питер Дадли – Лестер (Ұлыбритания) университетінің құрметті профессоры, Дүниежүзілік Lesson Study қауымдастығының Бас хатшысы, «Lesson Study: теориясы және оны практикада қолдану» деп аталатын мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Питер Дадли Ұлыбританияның білім беру жүйесінде Lesson Study тәсілін 2001 жылы енгізген зерттеуші-ғалымдардың қатарына кіреді.
Ол сондай-ақ Lesson Study тәсілін қолдану бойынша Ұлыбританиядағы ұлттық зерттеушілік бағдарламалардың және мемлекеттік бастамалардың кеңесшісі болып табылады.
Семинардың бағдарламасы бойынша бес сессия өткізу жоспарланған, сондай-ақ зерттеу тақырыптары бойынша пленарлық және бейресми пікірталастар өтеді.
Сессиялар мен пікірталастардың тақырыптары мынадай түйінді мәселелерді қамтиды:
– Lesson Study әдісін жоспарлау, қадағалау және талдау кезінде білім формаларын құру;
– деректерді, талдауларды жинақтау және нәтижелерді қорыту тәсілдерін зерделеу кезіндегі білім формасының мәні;
– мектептерде Lesson Study-ді зерттеудің деректерін талдау;
– Lesson Study-дің әсер етуін бағалау (бағалаудың табысты моделдерінің тәжірибесімен оқыту);
– сабақтың, деректерді жинақтаудың және талдаудың мета-зерттеулерін жоспарлау; «Сабақты зерттеуді дамыту» қоғамдастығын және жүйелі оқыту үдерісі мен Lesson Study-дің әсер етуін бағалауды қолдау.