Педагогикалық шеберлік орталығы EDCrunch Glocal-да

« of 3 »

2021 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Білім берудегі технологиялар жайында жыл сайынғы халықаралық конференция – EDCrunch Glocal алғаш рет Алматы қ. өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әлемдік ең ірі конференция сессияларына қатысуы дәстүрге айналған. Осы жылы орталық 2 сессия ұйымдастырды.

Тренерлер С.А. Жолдасбаева, Р.Г. Рамазановтың «ADKAR дәмі бар менеджмент рецепті немесе қалай тиімді басқаруға болады» тақырыбындағы кейс-сессиясы сәтті өтті, онда мектептің даму жоспарын іске асырудың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу және бағалау бойынша ұйымның тәжірибесінен нақты проблемалық жағдайлары бар кейстер берілді. Өзгерістер теориясы мен ADKAR әдістемесі негізінде оқу және оқыту практикасына инновацияларды енгізудегі шешім интерактивті түрде ұсынылды.

Тренерлер Э.М. Рахмаил мен Ю.Г. Мельникованың «Зерттеу керек (емес)» педагогикалық жекпе-жегінде сессияға қатысушылар мұғалімнің мектептегі зерттеу қызметін қолдайтын және оған қарсы дәлелдер келтірді, жапон тәжірибесі негізінде Сабақты зерттеудің ең тиімді тәсілінің құпияларын ашты және Қазақстанда Lesson Study тәсілін жүзеге асырудың бірегей тәжірибесі жөнінде айтты.

Орталықтың 20 қызметкері Алматыдағы жергілікті студияға қатысты және 150-ден астам адам онлайн қосылуға мүмкіндік алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *