«Нысанада – мектеп сабағы» Lesson Study кейс-сессиясы

« of 4 »

11 қараша күні «Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз» XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Нысанада – мектеп сабағы» кейс-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына 1000-нан астам қатысушы қосылды. Негізгі спикер ретінде профессор, халықаралық сарапшы, Сабақты зерттеу Дүниежүзілік Қауымдастығының (WALS, Жапония) негізін қалаушылардың бірі –Хироюки Куно қатысты.

Спикер кейс-сессияда тәжірибелік іс-шаралар барысында белгілі болған қатысушылардың қорытындыларына сараптамалық баға берді. Мұғалімдер 10 сессия залында белсенді түрде өзара жұмыс істеді. Сабақ үзінділеріне фокустық бақылау жүргізу, бірлесіп талқылау оларға сабақты сапалы қадағалау үшін қандай дағдылар қажет екенін, рефлексивті талдауды қалай құруға болатындығын, нәтижелерді түсіндірудің қай әдістері тиімді екенін көруге мүмкіндік берді.

Оған қоса Сабақты зерттеу тәсілін енгізу аясында Қазақстан мектептерінде Педагогикалық шеберлік орталығының жүргізген зерттеу нәтижелері назарға алынып, қорытындылар мен ұсыныстар берілді. Сондай-ақ мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістерге ықпал ететін факторлар сөз етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *