Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы (WALS) Сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 19 қыркүйек күні Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы (World Association of Lesson Studied) Сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңеске 28 адам мүше. Оның ішінде Педагогикалық шеберлік орталығының өкілі Акимова Тауиля бар.

Кеңес мүшелерінің күн тәртібінде Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының конституциясына енгізілген өзгерістер, 2023 жылы WALS халықаралық конференциясын өткізу орны, ассоциацияның жылдық есебі және оның мүшелерін қайта сайлау мәселелері қаралды.

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығы Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы Сараптамалық кеңесінің (World Association of Lesson Studies) ресми мүшесі болып табылады.

Lesson Study Kazakhstan көкжиегі кеңеюде

« of 4 »

NIS Педагогикалық шеберлік орталығының «Lesson Study Kazakhstan» ауқымды жобасы аясында 2022 жылы шілденің 12–15 күндері Қырғызстан Республикасының Bilimkana мектептері желісінің мұғалімдері үшін Нұр-Сұлтан қаласында білім беру туры ұйымдастырылды.

«Сабақты зерттеу» тәсілін қолдану бойынша педагогтердің кәсіби дамуын арттырудың бірегей мүмкіндігі, әріптестермен тәжірибе алмасу және ауқымды мәдени бағдарлама бұл жобаның ерекшелігі болып саналады.

«Lesson Study – мұғалімдердің кәсіби дамуының тиімді құралы» семинарының алғашқы күні қатысушылар орталық тренері Раушан Әбішевамен бірлесіп, педагогтердің кәсіби өсу аймағын қарастырды. Сонымен қатар зерттеу проблемаларын, сабақты бақылау ерекшеліктерін айқындады.

«Нысанада – мектеп сабағы» Lesson Study кейс-сессиясы

« of 4 »

11 қараша күні «Отбасы, мектеп, қауымдастық: бала мүддесіне қызмет етеміз» XII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Нысанада – мектеп сабағы» кейс-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына 1000-нан астам қатысушы қосылды. Негізгі спикер ретінде профессор, халықаралық сарапшы, Сабақты зерттеу Дүниежүзілік Қауымдастығының (WALS, Жапония) негізін қалаушылардың бірі –Хироюки Куно қатысты.

Спикер кейс-сессияда тәжірибелік іс-шаралар барысында белгілі болған қатысушылардың қорытындыларына сараптамалық баға берді. Мұғалімдер 10 сессия залында белсенді түрде өзара жұмыс істеді. Сабақ үзінділеріне фокустық бақылау жүргізу, бірлесіп талқылау оларға сабақты сапалы қадағалау үшін қандай дағдылар қажет екенін, рефлексивті талдауды қалай құруға болатындығын, нәтижелерді түсіндірудің қай әдістері тиімді екенін көруге мүмкіндік берді.

Оған қоса Сабақты зерттеу тәсілін енгізу аясында Қазақстан мектептерінде Педагогикалық шеберлік орталығының жүргізген зерттеу нәтижелері назарға алынып, қорытындылар мен ұсыныстар берілді. Сондай-ақ мұғалім тәжірибесіндегі өзгерістерге ықпал ететін факторлар сөз етілді.

WALS халықаралық конференциясындағы Педагогикалық шеберлік орталығының бірінші симпозиум

« of 4 »

2021 жылы 29 қарашада Макаода «Revisiting Lesson and Learning Studies: Accessibility, Quality, and Sustainability» тақырыбында WALS (Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығы) кезекті халықаралық онлайн конференциясы өз жұмысын бастады. Дәстүрлі түрде бұл әлем елдерінің педагогтері мен зерттеушілері тәжірибе алмасатын көпке танымал әлемдік алаң.

WALS-тың тұрақты мүшесі ретінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы (Орталық) жыл сайын өткізілетін іс-шараларға қатысып отырады.

Орталық бүгін алғаш рет 100-ден астам сарапшы мен зерттеушілердің қатысуымен симпозиум өткізді, онда 4 тренеріміз негізгі спикер ретінде сөз сөйледі. Симпозиум модераторы – Питер Дадли, белгілі ғалым, PhD докторы, WALS Президенті, Кембридж университетінің (Ұлыбритания) қауымдастырылған профессоры.

«Қазақстанда Сабақты зерттеу» жобасы аясында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері ұсынылды, қашықтан оқытудың зерттеу процесіне әсер ету ерекшеліктері, оларды шешудің қиындықтары мен тәсілдері, сондай-ақ аталған тәсілді кәсіби нетворкингке енгізу шарттары талқыланды.

Симпозиум соңында Питер Дадли талқылауды қорытындылай отырып, ПШО-ның Сабақты зерттеу жобасын жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, мұғалімдердің зерттеулері Қазақстанның ұлттық білім беру саясатының негізіне айналып, ұлттық куррикулумның өзгеруіне, педагогикаға, андрогогикаға және бағалау жүйесіне әсер етуі тиіс.

Жалпы конференцияда ПШО-ның 12 тренері өз зерттеулерінің қорытындысын ұсынады.

Педагогикалық шеберлік орталығы EDCrunch Glocal-да

« of 3 »

2021 жылдың 7-8 желтоқсан күндері Білім берудегі технологиялар жайында жыл сайынғы халықаралық конференция – EDCrunch Glocal алғаш рет Алматы қ. өтті. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының әлемдік ең ірі конференция сессияларына қатысуы дәстүрге айналған. Осы жылы орталық 2 сессия ұйымдастырды.

Тренерлер С.А. Жолдасбаева, Р.Г. Рамазановтың «ADKAR дәмі бар менеджмент рецепті немесе қалай тиімді басқаруға болады» тақырыбындағы кейс-сессиясы сәтті өтті, онда мектептің даму жоспарын іске асырудың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу және бағалау бойынша ұйымның тәжірибесінен нақты проблемалық жағдайлары бар кейстер берілді. Өзгерістер теориясы мен ADKAR әдістемесі негізінде оқу және оқыту практикасына инновацияларды енгізудегі шешім интерактивті түрде ұсынылды.

Тренерлер Э.М. Рахмаил мен Ю.Г. Мельникованың «Зерттеу керек (емес)» педагогикалық жекпе-жегінде сессияға қатысушылар мұғалімнің мектептегі зерттеу қызметін қолдайтын және оған қарсы дәлелдер келтірді, жапон тәжірибесі негізінде Сабақты зерттеудің ең тиімді тәсілінің құпияларын ашты және Қазақстанда Lesson Study тәсілін жүзеге асырудың бірегей тәжірибесі жөнінде айтты.

Орталықтың 20 қызметкері Алматыдағы жергілікті студияға қатысты және 150-ден астам адам онлайн қосылуға мүмкіндік алды.

LESSON STUDY FEST 2021. «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

« of 4 »

2021 жылдың 11 маусымында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен онлайн-режимде «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында IV қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, «НЗМ» ДББҰ ПШО филиалдарының тренерлері, жалпы білім беретін мектептердің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері қатысты.

Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары Абишева Г.Т. өз сөзінде мұғалімдер жүргізетін Сабақты зерттеудің өнімділігі мен нәтижелілігін атап өтті. ПШО Өскемен қ. филиалының тренері, Дэусто университетінің (Бильбао, Испания) Ph.D in Education кандидаты Хохотва О.И. Сабақты зерттеуді онлайн-мәнмәтінде трансформациялау мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. №69 мектеп-гимназиясының директоры Аблезов М.С. қашықтан оқыту жағдайында Lesson study-ды өткізу және іске асыру тәжірибелерімен бөлісті.

Елорданың бес жалпы білім беретін мектептерінің видеорепортаж сюжеттері қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Сабақты зерттеу мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырудың мектепішілік үдерісінің ажырамас бөлігі болды, LS бойынша қолданыстағы кабинеттер ашылды.

Постерлердің виртуалды көрмесінде мұғалімдер Сабақты зерттеу нәтижелерін ұсынды. Жүлдегерлерге дипломдар мен сертификаттар табысталды. Тректердегі жұмыс өнімді жүзеге асып, қатысушылар жоспарлау, сабақтарды бақылау, оқытудағы кәсіби трансформациялар және Lesson Study-ды қолдану нәтижелері тақырыптарын талқылады.

Сессия жұмысында «LS туралы диалогтер» айдары әрбір қатысушыға тәсілдің өзінің тәжірибесіне әсері туралы, әріптестерімен бірлескен жұмыстың арқасында оқытудағы өзгерістері жайында пікір білдіруге мүмкіндік берді.

Конференция соңында «Lesson study-таңғы асы – 2021» викторинасының жеңімпаздары Lesson Study Kazakhstan сарапшыларымен бірге таңғы асқа шақырылды.

«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми–практикалық конференциясы

Құрметті әріптестер! 

 Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.  

Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады. 

Конференцияның өту форматы: онлайн. Қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйегінде басталады. 

Конференция ақылы негізде өткізіледі. Қатысу үшін тіркелу жарнасы – 3000 теңге. 

Конференцияның мақсаты – Қазақстанда Сабақты зерттеу (Lesson Study Kazakhstan) жобасын іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.  

Read More

Нұр-Сұлтан қаласы педагогтерінің Жапониядағы екінші білім беру туры сәтті аяқталды

2020 жылдың ақпан айының 17-сі мен 19-ы аралығында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған «Жапониядағы білім беру туризмі» жобасы аясында «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» (Токио қ.) тақырыбындағы халықаралық семинарға Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беретін мектептерінің директорлар мен мұғалімдер делегациясы қатысты. Тренерлер Байгаринова Жанна мен Идришева Зухра делегацияға жетекшілік етіп, шараларды ұйымдастырды. Білім беру турының мақсаты жапондық білім беру жүйесінде Lesson Study (Сабақты зерттеу) ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін зерттеу болды.

Делегация Білім беру министрлігінің базасында жапондық жетекші мамандар Тошия Чичибу мырзаның, Саясатты Зерттеудің Ұлттық Институтының аға зерттеушісі (NIER) және Масацугу Мурасэ, Азабу білім беру институтының директоры, Lesson Study-ді енгізу бойынша (Жапония, Индонезия, Сингапур, Мьянме) халықаралық кеңесші («Learning from children. Naked Celebrities of «Observation» in Lesson Study») семинарларына қатысты.

Сонымен қатар әріптестер Inaridai (Йокогама қ.) және Kamitabashi орта мектебіне барып сабақты талқылауға мүмкіндік алды. Сабақты талқылауға Токио қаласындағы әртүрлі мектептердің мұғалімдері қатысты, себебі Kamitabashi Lesson study саласындағы сараптамалық мектеп болып табылады. Мұғалімдер қорытынды жасай отырып, бір-біріне сабақтарды жақсарту бойынша әріптестерінің пікірін ескере отырып конструктивті ұсыныстар жасады.

Білім беру турын аяқтай отырып, делегация мүшелері тәжірибе алмасудың практикалық маңыздылығын ескеріп, Сабақты зерттеу бойынша жаңа тәсілдерді игерді. Өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейін, тиімді тайм-менеджмент және жапон мектептерінде талқылау ережелерін сақтауды ерекше атап өтті.

Қызықты мәдени бағдарлама Жапонияның сәулет ескерткіштері мен көрікті жерлерін аралауды қамтыды.

“Білім беру туризмі” жобасы аясындағы Lesson Study бойынша екінші семинар, Токио қ. (Жапония), 17-19 ақпан 2020 ж.

2020 жылдың ақпан айының 17-і мен 19-ы аралығында қазақстандық делегация Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген «Білім беру туризмі» жобасының аясында Токио қаласында (Жапония) ұйымдастырылып, өткізілген «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты.

Read More

«Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі»

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылдың 1–2 қазан күндері онлайн режимінде «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, онда «Қазақстандағы Сабақты зерттеу» жобасына қатысушылардың зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Жыл сайын өтетін конференция қонақтары ретінде белгілі педагог-ғалымдар: Питер Дадли, PhD докторы, Дүниежүзілік Сабақты зерттеу Қауымдастығының (WALS) Президенті, Лестер университетінің (Ұлыбритания) құрметті профессоры және Тошия Чичибу, білім беру саласының магистрі, Жапония Білім беру саясатын зерттеу Ұлттық институтының жетекші ғылыми қызметкері қатысып, ойларын бөлісті.

Конференция жұмысына 200-ден астам педагог және Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басшылары, сондай-ақ Гуманитарлық колледждің оқытушылары қатысты. Екі күн ішінде алпыстан астам спикер шығып, баяндамалар жасады. Сонымен қатар 19 спикер постерлік сессиялардың қатысушысы болды.

Пікір алмасуға арналған «Сандық педагогика жағдайында Lesson study үдерісін ұйымдастыру», «Пән мұғалімдерінің бірлескен зерттеулері», «Lesson study арқылы кәсіпқой болу: менің тарихым», «Lesson study: оқушылардың нәтижелері», «Lesson study: инсайттар мен педагогикалық жаңалықтар» аталатын тақырыптық алаңдары құрылды.

Конференцияның қатысушыларына арналған зерттеу нәтижелерінің виртуалды көрмесі ұйымдастырылып, викториналар өткізілді. Викторина жеңімпаздары анықталып, олар сертификаттарға ие болды.