ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
“Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы сіздерді 26 қараша 2021ж. «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» (әрі қарай – конференция) тақырыбында өтетін ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.
Тіркелу және төлем жасау сілтемесі:
Өткізу орны: онлайн
Платформа: Zoom
Өтетін күні: 26 қараша 2021 г.
Басталу уақыты: 10:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)
Конференцияның мақсаты:
Сабақты зерттеу тәжірибесін тарату арқылы Түркестан облысы және Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің оқыту мен оқу тәжірибелерін жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту
Конференцияның міндеттері:
- «Сабақты зерттеу»: креативтілік және ғылыми дәлдік деген түсініктерді нақты меңгеруге үлес қосу ;
- коллаборативті орта құру арқылы Сабақты зерттеу туралы білім және жинақталған тәжірибемен алмасуға көмек көрсету;
- «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу және жүзеге асырудың тиімді әдістерін меңгеру дағдыларын дамытуға жағдай жасау
Конференцияны өткізу түрі: онлайн.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша
Конференцияға қатысқандар: 632 (спикерлер: 22, постер қорғаушылар: 19, ұйымдастырушылар: 19, қатысушылар: 572)
Материалдар: