«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ»

« of 5 »

04.11.2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.

Конференцияда Қазақстандағы Сабақты зерттеуді енгізу аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін көрсету және тарату, өңірдегі сабақты зерттеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыру және түрлі форматтағы зерттеу қадамдарын қарастыру және сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу мақсат етілді.

Конференцияға облыстық білім ұйымдарының жетекші және педагог кадрлары, мектептегі зерттеу тренерлері,  педагогикалық жоғарғы (арнаулы) оқу орнының оқытушылары қатысты.

Сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру жолдарынан бастап, зерттеумен айналысатын мектеп ұжымының жұмыс нәтижесімен бөліскен пленарлық сесссия шеңберінде қатысушылар назарына 5 жұмыс ұсынылды.

Оқыту үдерісін зерттеумен айналысатын мұғалімдердің іс-тәжірибесіне арналған үш сессия жұмысында 15 мұғалім өз зерттеуінің нәтижесімен бөліп, конференция тыңдаушылары үшін тиімді тәжірибе ұсынды. Секция жұмыстарын ұйымдастыруға филиал тренерлері Тортаева Г.Б., Альтаева Ш.Қ, Джурунова А.Ш. модераторлық жасап атсалысты.

Сонымен қатар конференция жұмысының барысында «Тренер кеңесі» айдарымен ПШО тренерлері: Тортаева Г.Б., Токтаганова А.С., Альтаева Ш.Қ, Джурунова А.Ш. мектеп мұғалімдеріне Сабақты зерттеу бойынша нақты тақырып шеңберінде коучинг өткізді.

Конференция жұмысы аталған іс-шара барысында модераторлық жасаған филиал тренері Н.М. Тұрысбекованың қатысушылармен сұқбаттаса отырып, ұйымдастырған, олардың пікірі мен ұсынысына арналған «Еркін микрофон» арқылы қорытындыланды.

Конференцияның онлайн бағдарламасына орналастырылған кері байланыс сілтемесі арқылы қатысушылардың ұсыныс-пікірлеріне қарап, іс-шараның мазмұнды әрі өзекті болғанын атап өтуге болады. Облыстық ғылыми-практикалық конференция облыстағы сабақты зерттеумен айналыстаын мұғалімдер қауымы үшін дамудың жаңа бағыттарын көрсетіп берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *