«Сабақты зерттеу және функционалды сауаттылық: мүмкіндіктері, өзара әрекеттесу, тәжірибе және перспективалар»

« of 3 »

2021 жылдың 10 желтоқсанында «Сабақты зерттеу және функционалды сауаттылық: мүмкіндіктері, өзара әрекеттесу, тәжірибе және перспективалар» тақырыбында аймақтық конференция өтті

Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысынан  280 педагог қатысты.

Конференция тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. 2022 жылы Қазақстан кезекті PISA зерттеулеріне қатысты, сондықтан көптеген мұғалімдер үшін оқушылардың функционалды сауаттылық дағдыларын дамыту мәселесі маңызды болды. Мұғалімдер зертеулерін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне бағыттады.

Аталған конференцияға тек Солтүстік Қазақстан облысы  мұғалімдері ғана қатысып қоймай, сонымен қатар Павлодар қ.,, Усть-Каменогорск қ., Ақтөбе қ. және т.б. қалалардан ұсынылған зерттеу жұмыстары тыңдалды. Мысалы, Петропавл қ., Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Рахмаил Э.М.  «Lesson Study Kazakhstan» жобасы: қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбындағы симпозиум материалдарымен таныстырды, бұл зерттеу жұмысы халықаралық WALS конференциясында зерттеушілер тобымен өткізілген еді. Сол сияқты аға менеджер Марченко Е.А. ««Сабақты зерттеу» үдерсінде фасилитатордың рөлі» тақырыбындағы ұжымдық зерттеу жұмысымен таныстырды. Ал облысымыздың жетекші мектептерінің бірі  «Якорь орта мектебінің» директоры Шакирова Замира Каримовна Сабақты зерттеу бойынша мектепте жүргізіліп жатқан зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, бұл зерттеудің аса тиімді екендігін атап өтті.

Конференцияда 4 секция бойынша жұмыс жүргізілді, әр секция функционалды сауаттылықтың аспектілерінің бірін ашып отырды:

1 секция:

Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, сабақты бақылау.

2 секция:

  1. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, сабақты бақылау.
  2. Орыс тілі мен тарих сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс істеудің универсалды алгоритмдерін қолдану.

3 секция:

Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту, сабақты бақылау.

4 секция

Оқушылардың креативті ойлауын дамыту, сабақты бақылау.

Секция тақырыптарында белгіленгендей, зерттеу жүргізудің маңызды элементтерінің бірі – сабақты бақылау бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Яғни, бақылау жүргізуді ұйымастырудың түрлі құралдары қарастырылып, мықты және әлсіз тұстары анықталды.

Кері байланыста қатысушылардың 88%-ы конференциядан зерттеу жүргізу бойынша маңызды ақпарат алып, әрі қарай мектеп тәжірибесінде толғандырған мәселелер бойынша Сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыруға мотивация алғандарын, сонымен қатар бақылау жүргізудің түрлі құралдарымен танысып, функционалды сауаттылық бойынша білімдерін толықтырғандарын  көрсетті.

 

Осыған орай ұйымдастырылған конференцияның қойылған мақсатқа жетіп, мұғалімдер үшін тиімді болағндығын атап өтуге болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *