Атырау қ ПШО филиалынын облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция жөнінде хабарлама


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына сай 2021 жылғы 14 желтоқсан күні «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми – тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.

5
« of 6 »

Конференциянын мақсаты:

  • сабақты зерттеу тәжірибесін тарату арқылы Атырау облысы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің оқыту мен оқу тәжірибелерін жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту.
  • педагогтардың зерттеу мәдениетінің дамуына жағдай жасау.
  • мұғалімнің жеке тәжірибесін зерттеу арқылы оның кәсіби шеберлігінің өсуі мен педагогикалық басталамаларына қолдау көрсету.

Конференция міндеттері:

  • «Сабақты зерттеу»: креативтілік және ғылыми дәлдік деген түсініктерді нақты меңгеруге үлес қосу;
  • Коллаборативті орта құру арқылы сабақты зерттеу туралы білім және жинақталған тәжірибемен алмасуға көмек көрсету;
  • «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу және жүзеге асырудың тиімді әдістерін меңгеру дағдыларын дамытуға жағдай жасау.

Конференцияға шақыртылған қонақтары:

  • Баймашева Д.Қ.- Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталықтың директоры;
  • Ултанбаева С.Е.– Нұр-Сұлтан қ. ПШО аға менеджері.
  • Адильжанова Д.А. – Өскемен қ. ПШО филиалының аға менджері.
  • Сейсенбаева Ж.Ш., Нұр-Сұлтан қаласы ІВ Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі.
  • Машинец Т.В., Нұр-Сұлтан қаласы ІВ Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі.
  • Иманшарипова А.Ж., Нұр-Сұлтан қаласы ІВ Назарбаев Зияткерлік мектебінің эксперт мұғалімі.

 

Аталған конференцияға Атырау облыстық әдістемелік орталықтың мамандары, жалпы білім беру мектептердің директорлары, сабақты зерттеу бойынша мектеп тренерлері, әдістемелік жұмыс бойынша мектеп директорының орынбасарлары, Атырау қ. ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің зерттеуші-мұғалімдері мен жалпы білім беру мектептерінің зерттеуші-мұғалімдері қатыстырылды. Конференцияға жалпы 300 мұғалім қатысты.

Конференция пленарлық мәжіліс, дискуссиялық алаң, шеберлік сыныптар және тәжірибе алмасу бағыттарында өтті.

  1. Дискуссиялық алаңда – Сабақты зерттеу әдісі арқылы мұғалімдердің оқыту дағдысын қаншалықты жақсартуға болады?.бойынша Атырау қ.ПШО аға менеджері А.Сапарова өз жұмысын қорғады.
  2. Шеберлік сыныптар бойынша- «Сабақты зерттеу – тиімді оқыту негізі» Р.Даулетова Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры. «Сабақты зерттеу тобындағы кедергілер және оны шешудің тиімді жолдары». Қорғанбаева Н– Жылыой ауданы №2 орта мектептің мұғалімі. «Lesson Study – мұғалімдердің тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсіл». Жалғасбаева А, Забыханов М – Мақат ауданы Х.Санбаев атындағы орта мектептін мұғалімі. «Сабақты зерттеу компасы». Утешева С, Қадірәліқызы А, Мендигалиева А -Исатай ауданы Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің мұғалімдері жұмыстарын қорғады.
  3. Іс-әрекеттегі зерттеу бойынша Атырау қ.ХББ Назарбаев Зияткерлік мектебінің іс-тәжірибелерімен бөлісу бағытында мынадай жұмыстары қорғалынды.

Избамбетова Г.Н. –“Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай тиімді жүзеге асыруға болады?”.

Косанов Р.П. – «Дифференцияцияланған тапсырмалар арқылы  окушының окуға деген қызығушылығын арттыру жолдары».

Шамеденова Л.Х. Зерттеудің тиімді әдістері арқылы СЖБ – дан төмен ұпай жинаған оқушылардың оқу сапасын қалай көтеруге болады?.

Бейсенбекова Г.С. – Как подходы обратного дизайна позволяют сократить различия в итоговых результатах суммативных оцениваний?

Дуздыбаева А, Жолдасбаева А.А. – Кіріктірілген КСМ және география сабақтарында проблемаға бағытталған оқыту моделін қолдану, оқушылардың креативті ойлауының дамуына қалай ықпал етеді?

Шайхиева Н.Ш.- Математика сабағында сынып оқушыларын критериалды бағалау жолдары арқылы уақытпен жұмыс жасауға қалай дағдыландыруға болады?.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *