Атырау қ ПШО филиалынын облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция жөнінде хабарлама


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Атырау қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жоспарына сай 2021 жылғы 14 желтоқсан күні «Сабақты зерттеу: қазақстандық мектептердің тәжірибесі» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми – тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды.

Read More

«Сабақты зерттеу және функционалды сауаттылық: мүмкіндіктері, өзара әрекеттесу, тәжірибе және перспективалар»

« of 3 »

2021 жылдың 10 желтоқсанында «Сабақты зерттеу және функционалды сауаттылық: мүмкіндіктері, өзара әрекеттесу, тәжірибе және перспективалар» тақырыбында аймақтық конференция өтті

Конференцияға Солтүстік Қазақстан облысынан  280 педагог қатысты.

Конференция тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. 2022 жылы Қазақстан кезекті PISA зерттеулеріне қатысты, сондықтан көптеген мұғалімдер үшін оқушылардың функционалды сауаттылық дағдыларын дамыту мәселесі маңызды болды. Мұғалімдер зертеулерін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелеріне бағыттады.

Аталған конференцияға тек Солтүстік Қазақстан облысы  мұғалімдері ғана қатысып қоймай, сонымен қатар Павлодар қ.,, Усть-Каменогорск қ., Ақтөбе қ. және т.б. қалалардан ұсынылған зерттеу жұмыстары тыңдалды. Мысалы, Петропавл қ., Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Рахмаил Э.М.  «Lesson Study Kazakhstan» жобасы: қазіргі жағдайы және болашағы» тақырыбындағы симпозиум материалдарымен таныстырды, бұл зерттеу жұмысы халықаралық WALS конференциясында зерттеушілер тобымен өткізілген еді. Сол сияқты аға менеджер Марченко Е.А. ««Сабақты зерттеу» үдерсінде фасилитатордың рөлі» тақырыбындағы ұжымдық зерттеу жұмысымен таныстырды. Ал облысымыздың жетекші мектептерінің бірі  «Якорь орта мектебінің» директоры Шакирова Замира Каримовна Сабақты зерттеу бойынша мектепте жүргізіліп жатқан зерттеу тәжірибесімен бөлісіп, бұл зерттеудің аса тиімді екендігін атап өтті.

Конференцияда 4 секция бойынша жұмыс жүргізілді, әр секция функционалды сауаттылықтың аспектілерінің бірін ашып отырды:

1 секция:

Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту, сабақты бақылау.

2 секция:

  1. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту, сабақты бақылау.
  2. Орыс тілі мен тарих сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту үшін мәтінмен жұмыс істеудің универсалды алгоритмдерін қолдану.

3 секция:

Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту, сабақты бақылау.

4 секция

Оқушылардың креативті ойлауын дамыту, сабақты бақылау.

Секция тақырыптарында белгіленгендей, зерттеу жүргізудің маңызды элементтерінің бірі – сабақты бақылау бойынша маңызды мәселелер талқыланды. Яғни, бақылау жүргізуді ұйымастырудың түрлі құралдары қарастырылып, мықты және әлсіз тұстары анықталды.

Кері байланыста қатысушылардың 88%-ы конференциядан зерттеу жүргізу бойынша маңызды ақпарат алып, әрі қарай мектеп тәжірибесінде толғандырған мәселелер бойынша Сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыруға мотивация алғандарын, сонымен қатар бақылау жүргізудің түрлі құралдарымен танысып, функционалды сауаттылық бойынша білімдерін толықтырғандарын  көрсетті.

 

Осыған орай ұйымдастырылған конференцияның қойылған мақсатқа жетіп, мұғалімдер үшін тиімді болағндығын атап өтуге болады.

Өңірлік ғылыми – тәжірибелік конференция «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ»

« of 6 »

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Шымкент қаласындағы филиалы сіздерді 26 қараша 2021ж.  «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» (әрі қарай – конференция) тақырыбында  өтетін  ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Тіркелу және төлем жасау сілтемесі: 

Өткізу орны: онлайн

Платформа: Zoom

Өтетін күні: 26  қараша 2021 г.

Басталу уақыты: 10:00 (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)

Конференцияның мақсаты:

Сабақты зерттеу тәжірибесін тарату арқылы  Түркестан  облысы және Шымкент қаласының жалпы білім беретін     мектеп мұғалімдерінің  оқыту мен оқу тәжірибелерін жетілдіру, зерттеу дағдыларын дамыту

Конференцияның  міндеттері:

  • «Сабақты зерттеу»: креативтілік және ғылыми дәлдік деген түсініктерді  нақты меңгеруге үлес қосу ;
  • коллаборативті орта  құру арқылы Сабақты зерттеу туралы білім және   жинақталған  тәжірибемен алмасуға  көмек көрсету;
  • «Сабақты зерттеу» тәсілін енгізу және жүзеге асырудың тиімді әдістерін меңгеру дағдыларын дамытуға   жағдай жасау

Конференцияны өткізу түрі: онлайн.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша

Конференцияға қатысқандар: 632 (спикерлер: 22, постер қорғаушылар: 19, ұйымдастырушылар: 19, қатысушылар: 572)

Материалдар:

Махашев Ержан Баяндама

Тастанова Мухабат

Кожагельдиева Улжан

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ»

« of 5 »

04.11.2021 жылы Педагогикалық шеберлік орталығының Тараз қаласындағы филиалы «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық онлайн конференциясын өткізді.

Конференцияда Қазақстандағы Сабақты зерттеуді енгізу аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін көрсету және тарату, өңірдегі сабақты зерттеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыру және түрлі форматтағы зерттеу қадамдарын қарастыру және сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу мақсат етілді.

Конференцияға облыстық білім ұйымдарының жетекші және педагог кадрлары, мектептегі зерттеу тренерлері,  педагогикалық жоғарғы (арнаулы) оқу орнының оқытушылары қатысты.

Сабақты зерттеу үдерісін ұйымдастыру жолдарынан бастап, зерттеумен айналысатын мектеп ұжымының жұмыс нәтижесімен бөліскен пленарлық сесссия шеңберінде қатысушылар назарына 5 жұмыс ұсынылды.

Оқыту үдерісін зерттеумен айналысатын мұғалімдердің іс-тәжірибесіне арналған үш сессия жұмысында 15 мұғалім өз зерттеуінің нәтижесімен бөліп, конференция тыңдаушылары үшін тиімді тәжірибе ұсынды. Секция жұмыстарын ұйымдастыруға филиал тренерлері Тортаева Г.Б., Альтаева Ш.Қ, Джурунова А.Ш. модераторлық жасап атсалысты.

Сонымен қатар конференция жұмысының барысында «Тренер кеңесі» айдарымен ПШО тренерлері: Тортаева Г.Б., Токтаганова А.С., Альтаева Ш.Қ, Джурунова А.Ш. мектеп мұғалімдеріне Сабақты зерттеу бойынша нақты тақырып шеңберінде коучинг өткізді.

Конференция жұмысы аталған іс-шара барысында модераторлық жасаған филиал тренері Н.М. Тұрысбекованың қатысушылармен сұқбаттаса отырып, ұйымдастырған, олардың пікірі мен ұсынысына арналған «Еркін микрофон» арқылы қорытындыланды.

Конференцияның онлайн бағдарламасына орналастырылған кері байланыс сілтемесі арқылы қатысушылардың ұсыныс-пікірлеріне қарап, іс-шараның мазмұнды әрі өзекті болғанын атап өтуге болады. Облыстық ғылыми-практикалық конференция облыстағы сабақты зерттеумен айналыстаын мұғалімдер қауымы үшін дамудың жаңа бағыттарын көрсетіп берді.

«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми–практикалық конференциясы

Құрметті әріптестер! 

 Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.  

Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады. 

Конференцияның өту форматы: онлайн. Қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйегінде басталады. 

Конференция ақылы негізде өткізіледі. Қатысу үшін тіркелу жарнасы – 3000 теңге. 

Конференцияның мақсаты – Қазақстанда Сабақты зерттеу (Lesson Study Kazakhstan) жобасын іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.  

Read More

«Сабақты зерттеу (Lesson Study) – қазақстандық тәжірибе» тақырыбында аймақтық конференция Алматыда өтті

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы 2018 жылдың 15-16 қараша күндері «Сабақты зерттеу (Lesson Study) – қазақстандық тәжірибе»  тақырыбы бойынша аймақтық конференция өткізді.

Конференцияның жұмысына химия-биология, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері; Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты және Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебі; Алматы қаласының 18 жетекші және оған серіктес мектептері; Алматы қаласының, Түркістан, Жамбыл облыстарының  мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны: 140 адам.

Read More

«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа тәсілдерді қолдану: сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде» диалог алаңы

 

2018 жылдың 30 мамырында Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа тәсілдерді қолдану: Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында Сабақты зерттеудің инновациялық мектептер тәжірибесінде қолданысын зерделеу, зерттеудің 2017-2018 оқу жылындағы қорытындыларымен бөлісу және үздік жұмыстарды облыс көлемінде тарату болып табылады.

Іс-шараға «Сабақты зерттеуді» мектеп тәжірибесіне енгізіп, оқыту мен оқу үдерісіндегі тиімділігін зерттеуші инновациялық мектептердің көшбасшы ұстаздары, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Read More