«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның Педагогикалоық шеберлік орталығы (ПШО) 2013 жылдан бері мұғалімдер мен басшылардың біліктілігін арттыру курстарында  Lesson Study / Сабақты зерттеуді оқыту мен оқуды жақсартудың түйінді тәсілдерінің бірі ретінде ұсынады.

Қазақстан педагогтеріне Lesson Study өткізу бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру, әдістемелік ресурстарға, өзекті ақпаратқа қол жеткізу, яғни мұғалімдердің зерттеулерін және тиімді оқыту тәжірибесін алға жылжыту және жетілдіру мақсатында www.lessonstudy.kz сайты құрылды.