Педагогикалық шеберлік орталығы WALS кеңесінің құрамына кірді

2015 жылғы 24 қарашада Дүниежүзілік Сабақты Зерттеу Қауымдастығының (WALS) жыл сайынғы халықаралық конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы WALS кеңесінің құрамына кірді.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары іске асырылған кезден бастап (2012 ж.) республика мектептерінде Жапониядан бастау алған сабақты зерттеу тәсілі (Lesson Study) қолданылуда.
Қазіргі кезде кәсіби білім алу құралы ретінде Lesson Study (Сабақты зерттеу) көп елдерде қолданылады және де бұл бүкіл әлемдегі мұғалімдер ұжымдарына білім алушылардың кәсіби қоғамдастығына айналуға септігін тигізіп отыр.


2015 жылғы 24 қарашада Дүниежүзілік Сабақты Зерттеу Қауымдастығының (WALS) жыл сайынғы халықаралық конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы WALS кеңесінің құрамына кірді.
WALS (The World Association of Lesson Studies) http://walsnet.org/ Қоғамдастық оқыту мен оқу сапасын жақсарту мақсатында Lesson Study-ге (Сабақты зерттеу) бағытталған зерттеу мен іс-шараларды дамытуды көздейді. Ол өз мүшелері арасында зерттеу, өзара көмек және ақпарат алмасу саласында ынтымақтастық орнатуға арналған тұғыр ұсынады. Қауымдастық білім сапасын арттыру идеясын ұстанатын білім беру саласындағы зерттеушілер мен практиктерден құралған.

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *