«Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде»

Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.

Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді. Аталған семинар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру Факультетімен бірлесіп жасаған біліктілікті арттырудың бірінші (ілгері) деңгей Бағдарламасы бойынша оқудан өткен, Қостанай облысының жетекші мектептерінің үйлестірушілері болып табылатын сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету шеңберінде өткізілді.


Семинардың мақсаты – облыс мектептерінде Сабақты зерттеу тәсілінің іске асыру тәжірибесін ұсыну, идеялармен алмасу.
Пленарлық мәжілісте заманауи мұғалімнің педагогикалық ойлауын қалыптастырудағы дидактикалық тәсілдер қарастырылды, сонымен қатар бірінші (ілгері) деңгей Бағдарламасы бойынша оқудан өткен сертификатталған мұғалімдердің Сабақты зерттеу тәсілінің іске асыру тәжірибесі ұсынылды.
Семинардың практикалық бөлімі Сабақты зерттеу тәсілінің кезеңдерін іске асыруға бағытталған болатын.
Семинар шеңберінде Қостанай облысының жетекші мектептерінде Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру материалдары бойынша көрме ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибесіне талдау жасап, Сабақты зерттеу тәсілін іске асыру бойынша стратегияларды жасап шығарды, тәжірибе алмасты.

 

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *