2016 Жылдың 3-5 қыркүйегінде lesson study зерттеуі бойынша халықаралық

World Association of Lesson Studies (WALS) International Conference 2016 Конференция тақырыбы: Сабақты зерттеу (LESSON STUDY): кәсіби білім беретін қоғамдастықта мұғалімдерді оқытудағы және оқудағы трансформациясы.

2016 жылғы 3-5 қыркүйекте Сабақты зерттеу (LESSON STUDY) жөніндегі халықаралық конференция өткізілді (Exeter университеті, Ұлыбритания). Конференция Ұлыбританияда 10-рет мерейлі кезеңіне сәйкес өткізілді. Конференцияның тақырыбы Сабақты зерттеуде (LESSON STUDY) кәсіби білім беретін қоғамдастықта басшылардың педагогикалық дамуын және оның рөлін арттыруына байланысты болды Тәжірибеге негізделген зерттеу формасы ретінде, LESSON STUDY өткізуде өз білімімен, түсінігімен және тәжірибесімен бөлісу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен зерттеушілер мен практиктер конференцияда бас қосты.

Конференция шынтуайтында зерттеушілер, ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, заң шығарушылар үшін халықаралық оқиғаға айналды, себебі осылайша олар бір-бірімен жиналған білімдерімен бөлісе алды. Конференцияға 39 әлем елдерінен 500 делегат қатысты. Әр түрлі сессиялар: мектептегі оқыту; бастауыш мектеп; ерекше қажеттіліктер мен инклюзивті оқыту; LESSON STUDY аясында білімді дамытудың кең спектрі сияқты тақырыптарға бөлінді. Сессиялар атақты зерттеушілердің сөз сөйлеуімен, жұмыс көрсетілімдерімен, мини-симпозиумдармен, семинарлар және постерлер көрсетілімімен ортақ отырыс түрінде өтті. Конференцияға қатысқан танымал зерттеушілердің ішінде профессор Киоми Акита (Токио, Жапония); доктор Питер Дадли (Ұлыбритания); профессор Кэтрин Льюис (Калифорния, АҚШ) және профессор Энди Хагривз (Бостон, АҚШ) болды. Педагогикалық шеберлік орталығының (бұдан әрі – ПШО) 6 қызметкері мен Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 мұғалімінен тұратын қазақстандық делегация аталған конференцияда төмендегі баяндамаларды ұсынды: 1. Лилия Журба (Көкшетау қ. ПШО филиалы) «Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту бағдарламасы – кәсіби даму моделі ретінде Сабақты зерттеуді енгізудің құралы»; 2. Зухра Идришева (ПШО, Астана қ.) және Абдраманова Қызжібек (Қызылорда қ. ПШО филиалы) «Сабақты зерттеу тәсілінің мектеп мәдениетіне ықпалы»; 3. Юлия Мельникова (Павлодар қ. ПШО филиалы) «Сабақты зерттеуді жүргізу аясында зерттеу сұрағын құрастыру»; 4. Татьяна Машинец және Жадыра Сейсенбаева (Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) «IB Назарбаев зияткерлік мектебінде ағылшын және қазақ тілі пәндерінде сабақты зерттеуді жүргізу тәжірибесі»; 5. Арман Иманшарипова (Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) «Қазақстан білім жүйесіне Сабақты зерттеу арқылы енгізілген инновациялар». Конференция қатысушылары қазақстандық делегацияның баяндамаларын жылы қарсы алды. Әсіресе, профессор Янош Гиори (Венгрия) мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамытуға бағытталған және мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болған Қазақстанның білім жүйесіндегі реформаларды қызығушылықпен бақылап отыратынын айтты. Конференцияның түйінді идеялары: • Мектептің қажеттілігі мен жағдайына орай, сабақты зерттеу өзгерістерге енуі мүмкін; • Сабақты зерттеуді мектепке енгізуде университтеттердің қолдауы маңызды болып табылады. Сабақты зерттеу үдерісінің оқыту мен оқуға оң өзгеріс енгізуге ықпал ететін элементтері: • білім алуға қолжетімділік ( мазмұн, нұсқаулықтар, оқушылардың қалай ойлайтынын түсіну); • қарым-қатынас (өзара әрекеттестік) сызбалары( тәуекелшілдікті қолдау, зерттеу жүргізуге бастама жасау, жаңа идеяларға қызығушылық таныту; • тәжірибеде қолдану (мектептегі тәжірибе, тиімділігі тұрғысынан оқушылардың жауаптарына назар аудару); • ынталандыру. Тізімге кері қайту

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *