«Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми–практикалық конференциясы

Құрметті әріптестер! 

 Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.  

Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады. 

Конференцияның өту форматы: онлайн. Қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйегінде басталады. 

Конференция ақылы негізде өткізіледі. Қатысу үшін тіркелу жарнасы – 3000 теңге. 

Конференцияның мақсаты – Қазақстанда Сабақты зерттеу (Lesson Study Kazakhstan) жобасын іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.  

Конференцияның жұмыс бағыттары: 

– қашықтан оқыту жағдайында Сабақты зерттеу (Lesson Study) процесін ұйымдастыру және басқару; 

– Сабақты зерттеу (Lesson Study) кезінде бір пән мұғалімдерінің топтарында оқыту мен оқудағы өзгерістер; 

– Сабақты зерттеу (Lesson Study): оқушылардың оқу жетістіктері; 

– Сабақты зерттеу (Lesson Study): мұғалімдердің кәсіби өсуі; 

– Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін қолдану нәтижелері: жаңа мүмкіндіктер мен педагогикалық жаңалықтар. 

Қонференцияға қатысу формалары: 

  • ауызша таныстырылым (15 минуттан артық емес) 
  • постерлік таныстырылым көрмесіне қатысу; 
  • қатысушы. 

Конференция ұйымдастырушылары таныстырылымдарға материалдарды іріктеу құқығын өздеріне қалдырады. 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Конференцияның өту тәртібі: 

2020 жылдың 1 қазанында сағат 12-00 постерлік таныстырылымдардың виртуалды көрмесі өткізіледі. Конференцияға қатысушы виртуалды көрмеге онлайн қатысып, зерттеу авторына сұрақтар қойып, пікір қалдырады. 

2020 жылдың 2 қазанында сағат 14-00  Конференцияға тіркелген қатысушылар іс-шараға онлайн қатысады. 

Конференция өтетін сайт: http://conference.cpm.kz/ru. 

Конференцияға қатысушылар электронды қатысу сертификатын алады. 

 

Конференцияға қатысу тәртібі: 

Конференцияның http://conference.cpm.kz/ru веб-сайтында тіркеліп, тіркеу жарнасын төлеңіз. 

Баяндаманың тезисін және постер бейнесін astanacpm19@gmail.com электрондық поштамен 2020 жылдың 22 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жіберілген құжаттардың атаулары төмендегідей болуы қажет: 

1) Т.А.Ә.– Асбтракт.doc  

2) Т.А.Ә. – Постерлік таныстырылым бейне. (Мысалы: Иванов П.С. – Абстракт.doc, Иванов П.С. – бейне). 

Байланыс: Педагогикалық шеберлік орталығы, Нұр-Сұлтан, көш. Хусейн Бен Талал, 21/1 ғимарат, тел. 8 (7172) 235742. 

Telegram chatbot: https://t.me/joinchat/AAAAAEosa_XXOtTQfUBVqA. 

 

«Сабақты зерттеу (Lesson Study): Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» ІІІ қалалық ғылыми– тәжірибелік конференцияға жіберілетін материалдардың мазмұнына және безендірілуіне қойылатын талаптар 

 Абстрактіге қойылатын талаптар:

1.1 Сөздер саны 500– ден артық емес. 

1.2 Абстрактіде төмендегілер қамтылуы керек: 

  • зерттеу сұрағы, зерттеу мақсаты; 
  • зерттеу әдіснамасы/әдебиеттерге шолу; 
  • нәтижелер мен қысқаша қорытындылар; 

1.3 Жіберілетін материал техникалық талаптарға сәйкес рәсімделеді:  

  • Microsoft Word мәтіндік редакторды қолдану;   
  • негізгі мәтін қаріпі – Times New Roman; 
  • негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 14 пт; 
  • жоларалық интервал– 1.0; 
  • жиектері: сол жақ – 3 см, қалғандары – 2 см; 
  • мәтінді туралау– ені бойынша; 
  • автоматты тұрде тасымалдау қосылған.   

1.4 Жоғарғы сол жақ бұрышта автор(лар) туралы ақпарат орналасады: тегі, аты– жөні, әкесінің аты (толық), jpeg форматында ұсынылған автор(лар)дың фотосуреттері; ғылыми дәрежесі (егер бар болса), лауазымы, жұмыс орны; байланыс телефоны және  e– mail. 

  1. Таныстырылымға қойылатын талаптар: 

2.1 Таныстырылым мазмұны: 

  • автор(лар)дың өзіндік зерттеулеріне негізделеді; 
  • автор(лар)дың шынайы тәжірибесінен келтірілген нақты мысалдарды қамтиды; 
  • нақты нәтижелер мен қорытындылар ұсынылады. 

2.2 Таныстырылым  Microsoft PowerPoint қосымшасында жасалады. 

2.3 Таныстырылым көлемі баяндама жасауға арналған 15 минут уақытты ескереді. 

2.4 Материалдар қазақ/орыс/ағалшын тілінде ұсынылуы мүмкін.   

  1. Постерлік таныстырылымға қойылатын талаптар: 

3.1. Постерде келесі мәліметтер қамтылады:  

  • мектептің атауы, өңір;  
  • ағымдағы/аяқталған сабақты зерттеу туралы есептер. Зерттеушілік есептерде нақты зерттеу тақырыбы, зерттеу сұрағы(тары), деректер жинау әдісі, деректердің талдауы және зерттеудің жуық нәтижесі көрсетіледі;  
  • жұмыс нәтижелері.  

3.2 Постер 1 слайдта Microsoft PowerPoint бағдарламасында жасалады. 

3.3 Зерттеудің мәні мен нәтижесін ашатын постер Microsoft Teams бағдарламасында 2-3 минуттық бейне жіберіледі. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *