ПИТЕР ДАДЛИМЕН ӨТКІЗГЕН САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY) СЕМИНАРЫ

 

2019 жылғы 30-31 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлеріне арналған «Оқыту әдістерін, оқу бағдарламаларын, оқушылардың үлгерімі мен жүйе тиімділігін жетілдіру үшін Lesson Study (Сабақты зерттеу) зерттеуінің мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің практикасында Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін қолдану мәселелері бойынша тренерлерді кәсіби дамыту.

Семинардың спикері – Питер Дадли – Лестер (Ұлыбритания) университетінің құрметті профессоры, Дүниежүзілік Lesson Study қауымдастығының Бас хатшысы, «Lesson Study: теориясы және оны практикада қолдану» деп аталатын мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Питер Дадли Ұлыбританияның білім беру жүйесінде Lesson Study тәсілін 2001 жылы енгізген зерттеуші-ғалымдардың қатарына кіреді.
Ол сондай-ақ Lesson Study тәсілін қолдану бойынша Ұлыбританиядағы ұлттық зерттеушілік бағдарламалардың және мемлекеттік бастамалардың кеңесшісі болып табылады.

Семинардың бағдарламасы бойынша бес сессия өткізу жоспарланған, сондай-ақ зерттеу тақырыптары бойынша пленарлық және бейресми пікірталастар өтеді.

Сессиялар мен пікірталастардың тақырыптары мынадай түйінді мәселелерді қамтиды:

–         Lesson Study әдісін жоспарлау, қадағалау және талдау кезінде білім формаларын құру;

–         деректерді, талдауларды жинақтау және нәтижелерді қорыту тәсілдерін зерделеу кезіндегі білім формасының мәні;

–         мектептерде Lesson Study-ді зерттеудің деректерін талдау;

–         Lesson Study-дің әсер етуін бағалау (бағалаудың табысты моделдерінің тәжірибесімен оқыту);

–         сабақтың, деректерді жинақтаудың және талдаудың мета-зерттеулерін жоспарлау; «Сабақты зерттеуді дамыту» қоғамдастығын және жүйелі оқыту үдерісі мен Lesson Study-дің әсер етуін бағалауды қолдау.

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *