«Сабақты зерттеу (Lesson Study) – қазақстандық тәжірибе» тақырыбында аймақтық конференция Алматыда өтті

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Алматы қаласындағы филиалы 2018 жылдың 15-16 қараша күндері «Сабақты зерттеу (Lesson Study) – қазақстандық тәжірибе»  тақырыбы бойынша аймақтық конференция өткізді.

Конференцияның жұмысына химия-биология, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері; Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты және Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас Ұлан» мектебі; Алматы қаласының 18 жетекші және оған серіктес мектептері; Алматы қаласының, Түркістан, Жамбыл облыстарының  мектеп басшылары мен мұғалімдері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны: 140 адам.

Аймақтық конференция өзгеше форматта жүргізілді. Қатысушыларға ұсынылған жұмыс түрлері:

  • топтық талқылаулар және спикерлердің шеберлік-сыныптарының нәтижелері бойынша командалық инсайттар анықтау;
  • 18 жетекші мектептерінің және Химия-биология, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің зерттеуші-мүғалімдерінің тәжірибе алаңы: сабақты зерттеудегі 2016-2018 жж. (Lesson Study) озық тәжірибелерді айқындау, тарату;
  • «Біреудің идеясын алсаңыз, абыроймен қолданыңыз» фасилитация сессиясы кезіндегі қатысушылардың «Сабақты зерттеуді (Lesson Study) жүргізу бойынша тәжірибем мен дағдыларымды қалай дамыта аламын?» сұрағы бойынша идеяларымен бөлісуі;
  • конференцияның нәтижесі бойынша спикерлердің панелдік пікір алмасу.

Конференция баннерін визуалды безендіру қатысушылардың ерекше қызығушылығын туындатты. Қатысушылар конференция баннерін өздері безендірді: сурет салды, толықтырды, жазды. Ол тиімді командалық өзара әрекеттестікті орнатуға, әр қатысушының конференция жұмысына қатысы бар екенін сезінуіне ықпал етті.

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *