Тольятти қаласында (Ресей) өткізілген семинар «Мектепте Lesson Study-ді ұйымдастыру»

Travelling Lesson Study ғаламшар бойынша саяхаттауда! Таратуға лайықты идеялар таратылуда!

Педагогикалық шеберлік орталығы өзінің достарының және  мүдделестерінің шеңберін Қазақстан аумағынан тысқары жерлерде  кеңейтуде. Зерттеулер жүргізудегі Қазақстан мұғалімдерінің тәжірибесі ұсынылған «ED Crunch Moscow» халықаралық білім беру конференциясындағы кездесу Тольятти қаласының (Ресей) педагогтерімен ынтымақтастық құрудың бастамасы болды.

2018 жылдың 31-қазаны мен 2-қарашасы аралығында ЖЖББМ ОЖББМ «Мектеп» Білім беру Орталығы» педагогтеріне «Мектепте Lesson Study-ді ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. 3 күн бойы мұғалімдер Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жанна Байгаринованың басшылығымен өздерінің сабақты зерттеу жоспарын жасақтады, жағдаяттарды үлгіледі, оқыту тәжірибесін зерттеудің сұрағын құрастырды, бақылау формаларын мен сабақты талдаудың әдістерін әзірледі. Саралау, тереңдетілген педагогика және сабақ мақсатын қою сияқты аспектілер ерекше қызығушылық тудырды.

Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің күнделікті тәжірибесіне Lesson Study-ді енгізу мәселесі тольяттилік мұғалімдердің терең қызығушылығы мен көптеген сұрақтардың туындауының себебі болды. Кері байланыс семинар әдістерінің, ресурстар сапасының және тренингті жүргізу стилінің жоғары деңгейде бағаланғанын көрсетті. Оқыту және оқу мәселелері бойынша әрі қарай бірлескен жұмысты келешекте жалғастыру жоспарда бар.

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *