«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа тәсілдерді қолдану: сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде» диалог алаңы

 

2018 жылдың 30 мамырында Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа тәсілдерді қолдану: Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында Сабақты зерттеудің инновациялық мектептер тәжірибесінде қолданысын зерделеу, зерттеудің 2017-2018 оқу жылындағы қорытындыларымен бөлісу және үздік жұмыстарды облыс көлемінде тарату болып табылады.

Іс-шараға «Сабақты зерттеуді» мектеп тәжірибесіне енгізіп, оқыту мен оқу үдерісіндегі тиімділігін зерттеуші инновациялық мектептердің көшбасшы ұстаздары, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Іс-шараны филиал директоры С. Камалова ашып, мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулердің маңыздылығы, ғылыми зерттеуден практик-маман зерттеулерінің айырмашылығына тоқталды.

№10 облыстық білім инновация лицейінің «Сабақты зерттеу» бойынша үйлестірушісі Н. Есбосын өз мектебінің тәжірибесімен бөлісіп, Сабақты зерттеу үдерісінің ұйымдастырылуы, кезеңдері, нәтижені баспа арқылы облыс көлеміне таратылуы жайлы құнды ақпараттарды дөңгелек үстел қатысушыларына ұсынды.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалімдердің бірлесіп жұмыс жасауы, жаңа бағдарлама мәнмәтінінде ынтымақтасқан ұжымдық жауапкершілік пен өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Сабақты зерттеу үдерісінің тиімділігі жайлы №3 мектеп-лицейінің көшбасшы мұғалімі Э. Сайдалиева таныстырылым жасады. Мектепте жүргізілген Сабақты зерттеу нәтижесінің ІХ халықаралық конференцияға ұсынылғанын айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында Жалағаш ауданының №31 пилоттық мектепте жаңартылған білім беру бағдарламаларын апробациялау кезінде Сабақты зерттеудің мектеп мұғалімдеріне үшін оңтайлы жаңаша моделін құрып, бейімделген Сабақты зерттеу моделінің артықшылығы мен кемшіліктері жайлы мектеп тренері Л.Абдраимова сөз сөйледі.

. Филиал тренері Қ.Абдраманова зерттеу сұрақтарына қатысты қиындықтар, зерттеу нәтижелерін жариялау мәселелері, Сабақты зерттеуді тиімді жүргізуге қажетті көмекші құралдар, әдістемелік қолдау жайлы баяндама жасады.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде зерттеуші мұғалімдер өткен оқу жылында Сабақты зерттеуді жүргізуде қол жеткізген жетістіктері мен қиындықтарын таразылап, алдағы оқу жылына зерттеу міндеттерін анықтады. Инновациялық мектептер тәжірибесіндегі зерттеу топтарының жұмыстарын саралай отырып, бірқатар нәтижелі жұмыстар мен оң өзгерістердің орын алғандығы байқалды.

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *