«Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу арқылы зерттеушілік ойлауды дамыту. Сабақты бақылау, транскриптілеу және талдау» тақырыбындағы семинар

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне «Қазақстандағы сабақты зерттеу (Lesson study Kazakhstan)» жобасын енгізу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 2018 жылдың 26-27 наурыз аралығында Астана қ. Педагогикалық шеберлік орталығында (әрі қарай Орталық) «Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу арқылы зерттеушілік ойлауды дамыту. Сабақты бақылау, транскриптілеу және талдау» тақырыбындағы семинар өткізілді. Орталық пен оның филиалдарынан 60 тренер қатысқан бұл іс-шара Ұлттық білім беру саласындағы зерттеу саясаты институтының жетекші ғылыми қызметкері Тошия Чичибудың (Жапония, Токио қ.) қатысуымен ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Орталыққа тәжірибе алмасу мақсатында келген қосымша кәсіби білім беру Өңірлік мемлекеттік мекемесі «Алтай өлкелік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» қызметкерлері де семинарға қатысты. Астана қ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері де семинар жұмысына қатысушылар қатарында болды.

Семинар барысында қатысушылар Сабақты зерттеудің жапондық моделінің мәдениеті, оны өткізу әдісі, бақылау жүргізудің ережесі және сабақты транскриптілеумен танысты. Деректерді жинақтау, уақыттық хронологиясы және отырғызу орны әдістері белсенді талқыланды.

Тошия Чичибу іс-сапар аясында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Халықаралық мектеп және екі жалпы білім беру мектептеріне (№ 72 мектеп-лицейі, Экономикалық лицей) барып, сабақты бақылау және талдауды іске асыру бойынша мұғалімдермен әңгімелесу жоспарланып отыр.

Педагогикалық шеберлік орталығы мен Тошия Чичибу арасындағы ынтымақтастық 2013 жылдан бері жалғасуда. Тошия Чичибу еліміздің 11 өңірінде Сабақты зерттеу тәсілін енгізу бойынша мұғалімдерге арналған практикалық семинарлар мен тренингтер өткізді. Осы атқарылған жұмыстың жемісі ретінде Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлерімен бірлесе «Lesson Study тәсілін жүзеге асыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық» жасалды.

Оставить комментарий

Your email address will not be published. Required fields are marked *