Жаңалықтар
Құрметті әріптестер!
Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.
Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады.
Конференцияның өту форматы: онлайн. Қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйегінде басталады.
Конференция ақылы негізде өткізіледі. Қатысу үшін тіркелу жарнасы – 3000 теңге.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанда Сабақты зерттеу (Lesson Study Kazakhstan) жобасын іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.
2020 жылдың ақпан айының 17-і мен 19-ы аралығында қазақстандық делегация Педагогикалық шеберлік орталығының әзірлеген «Білім беру туризмі» жобасының аясында Токио қаласында (Жапония) ұйымдастырылып, өткізілген «Сабақты зерттеу: жапон мектептерінің тәжірибесі» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты.
Сабақты зерттеу дүниежүзілік қауымдастығының WАLS-2019 Халықаралық конференциясы Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы халықаралық конференциясы (WАLS – World Association of Lesson Studies) «Оқыту мен оқыту үшін тұрақты педагогиканы дамыту» тақырыбы бойынша 2019 жылы 3-6 қыркүйекте Амстердам қаласында (Нидерланды) өтті. Конференцияға әлемнің 46 елінен 900-дан астам педагог пен ғалымдар қатысты.
Семинардың мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің практикасында Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін қолдану мәселелері бойынша тренерлерді кәсіби дамыту.