«Тиімді жоспарлау және Lesson Study өткізу» тақырыбындағы семинар

2018 жылдың 10 қыркүйегінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері (Алданыш Ақерке, Жунусова Фарида, Кузембаева Камила, Жолдасбаева Сапура және Байгаринова Жанна) төрт мектеп базасында – №27 мектеп-лицейі, №23 орта мектеп, №38 мектеп-лицейі және №46 балабақша-мектеп-гимназиясы – Астана қаласының мұғалімдеріне арналған «Тиімді жоспарлау және Lesson Study өткізу» тақырыбында семинар өткізді.

Жаңа оқу жылы басталды және астанамыздың барлық мектептерінде мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесін зерттеуге кірісті. Семинардың қатысушылары (120 адам шамасында) болған зерттеу бойынша координаторлар, директордың орынбасарлары, даму командаларының мүшелері, мектеп тренерлері өздерінің Lesson Study/Сабақты зерттеуді енгізу бойынша әрекеттеріне талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі уақытта бірлесіп зерттеу жүргізетін мұғалімдер тобы құрылған, зерттеу барысында басымдық жасалатын оқыту мен оқудың аспектілері таңдалған.

Семинар қатысушылары өткен тәжірибенің қиындықтардан құтылуға және зерттеуді жүргізуде қателіктерді қайталамауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұғалімдер әлдеқашан сабақты бақылау формаларын әзірлеп, теориялық әдебиеттердің талдауын жасады, мұғалімдердің өзіндік тәжірибесін зерттеуді тиімді ұйымдастырудың тетіктерін жасап шығарған. Жасалған жағдайлар тереңдетілген педагогикаға басымдық беруге, зерттеу дағдыларын және әдістемелік тәсілдерді дамытуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғанның барлығы семинар қатысушыларына Lesson Study үдерісін әрі қарай енгізу бойынша жоспарды әзірлеуге мүмкіндік туғызды. Қолдау көрсету мақсатында www.lessonstudy.kz сайтында ресурстар (бейнежазба, таныстырылымдар, мақалалар) және әріптестер мен ПШО тренерлерінен қызығушылықты тудыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін форумдар қолжетімді болып табылады.

Семинар таныстырылымдары:

Тиімді жоспарлау және Lesson Study өткізу

Эффективное планирование и проведение Lesson Study

 

 

«Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу арқылы зерттеушілік ойлауды дамыту. Сабақты бақылау, транскриптілеу және талдау» тақырыбындағы семинар

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне «Қазақстандағы сабақты зерттеу (Lesson study Kazakhstan)» жобасын енгізу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 2018 жылдың 26-27 наурыз аралығында Астана қ. Педагогикалық шеберлік орталығында (әрі қарай Орталық) «Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу арқылы зерттеушілік ойлауды дамыту. Сабақты бақылау, транскриптілеу және талдау» тақырыбындағы семинар өткізілді. Орталық пен оның филиалдарынан 60 тренер қатысқан бұл іс-шара Ұлттық білім беру саласындағы зерттеу саясаты институтының жетекші ғылыми қызметкері Тошия Чичибудың (Жапония, Токио қ.) қатысуымен ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Орталыққа тәжірибе алмасу мақсатында келген қосымша кәсіби білім беру Өңірлік мемлекеттік мекемесі «Алтай өлкелік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» қызметкерлері де семинарға қатысты. Астана қ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері де семинар жұмысына қатысушылар қатарында болды.

Семинар барысында қатысушылар Сабақты зерттеудің жапондық моделінің мәдениеті, оны өткізу әдісі, бақылау жүргізудің ережесі және сабақты транскриптілеумен танысты. Деректерді жинақтау, уақыттық хронологиясы және отырғызу орны әдістері белсенді талқыланды.

Тошия Чичибу іс-сапар аясында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Халықаралық мектеп және екі жалпы білім беру мектептеріне (№ 72 мектеп-лицейі, Экономикалық лицей) барып, сабақты бақылау және талдауды іске асыру бойынша мұғалімдермен әңгімелесу жоспарланып отыр.

Педагогикалық шеберлік орталығы мен Тошия Чичибу арасындағы ынтымақтастық 2013 жылдан бері жалғасуда. Тошия Чичибу еліміздің 11 өңірінде Сабақты зерттеу тәсілін енгізу бойынша мұғалімдерге арналған практикалық семинарлар мен тренингтер өткізді. Осы атқарылған жұмыстың жемісі ретінде Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлерімен бірлесе «Lesson Study тәсілін жүзеге асыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық» жасалды.

Білім берудегі жаңа тәсілдер талқыланды

Қызылорда, Астана, Шымкент және Алматы қалаларының педагогтары жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылады.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысының әкімі арасындағы қол қойылған меморандумға сәйкес, аймақтағы  инновациялық мектептерге тәжірибе тарату мақсатында Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдары: мектептегі Асtion Research және Lesson study ғылыми зерттеу жобалары» тақырыбында аймақтық форум өтті.
Секциялық практикум, семинар және шеберлік-сыныптар түрінде ұйымдастырылған форум жұмысында  оқытудың жаңа тәсілдерінің тиімділігі және оны мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруда қолдануы туралы кеңінен айтылды.
Форум жұмысына қатысқан Шымкент, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептер мен облыстағы 2 пилотты, 24 инновациялық мектептер өкілдері, Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлері, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Зерттеу департаментінің, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандары   оқушылардың білім сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдер мен сабақ түрлері бағытында жүргізген зерттеулерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

© Источник:  Интернет-газета «Kyzylorda-news.kz

Аймақтық форум өтті

Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдары: мектептегі Асtion Research және Lesson study ғылыми зерттеу жобалары» тақырыбында аймақтық форум өткізді, деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі.
Форум мақсаты: жаңа тәсілдер мен әдістерді сабақ беруде қолдану арқылы мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру, мұғалімдерді жаңартылған білім беру саласында іс-тәжірибе алмасуға бейімдеу. Форум жұмысы секциялық практикум, семинар және шеберлік-сыныптар түрінде ұйымдастырылды. Сонымен бірге зерттеу- сабақтары мен пленарлық отырыс түрінде өткізілді.
Форумға Шымкент, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері, Қызылорда облысындағы 2 пилотты, 24 инновациялық мектептері, Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлері, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Зерттеу департаментінің өкілдері, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдарының мамандар қатысып, оқушылардың білім сапасын арттыратын жаңа әдістер мен сабақ түрлері турасында жұргізген зерттеулерімен бөлісті.

© Источник: Интернет-газета «Kyzylorda-news.kz

2016 Жылдың 3-5 қыркүйегінде lesson study зерттеуі бойынша халықаралық

World Association of Lesson Studies (WALS) International Conference 2016 Конференция тақырыбы: Сабақты зерттеу (LESSON STUDY): кәсіби білім беретін қоғамдастықта мұғалімдерді оқытудағы және оқудағы трансформациясы.

2016 жылғы 3-5 қыркүйекте Сабақты зерттеу (LESSON STUDY) жөніндегі халықаралық конференция өткізілді (Exeter университеті, Ұлыбритания). Конференция Ұлыбританияда 10-рет мерейлі кезеңіне сәйкес өткізілді. Конференцияның тақырыбы Сабақты зерттеуде (LESSON STUDY) кәсіби білім беретін қоғамдастықта басшылардың педагогикалық дамуын және оның рөлін арттыруына байланысты болды Тәжірибеге негізделген зерттеу формасы ретінде, LESSON STUDY өткізуде өз білімімен, түсінігімен және тәжірибесімен бөлісу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен зерттеушілер мен практиктер конференцияда бас қосты.

Подробнее

Педагогикалық шеберлік орталығы WALS кеңесінің құрамына кірді

2015 жылғы 24 қарашада Дүниежүзілік Сабақты Зерттеу Қауымдастығының (WALS) жыл сайынғы халықаралық конференциясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы WALS кеңесінің құрамына кірді.

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары іске асырылған кезден бастап (2012 ж.) республика мектептерінде Жапониядан бастау алған сабақты зерттеу тәсілі (Lesson Study) қолданылуда.
Қазіргі кезде кәсіби білім алу құралы ретінде Lesson Study (Сабақты зерттеу) көп елдерде қолданылады және де бұл бүкіл әлемдегі мұғалімдер ұжымдарына білім алушылардың кәсіби қоғамдастығына айналуға септігін тигізіп отыр.

Подробнее

«Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде»

Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді.

Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филиалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп 2015 жылдың 11 желтоқсанында «Сабақты зерттеу мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбы бойынша облыстық семинар өткізді. Аталған семинар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру Факультетімен бірлесіп жасаған біліктілікті арттырудың бірінші (ілгері) деңгей Бағдарламасы бойынша оқудан өткен, Қостанай облысының жетекші мектептерінің үйлестірушілері болып табылатын сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету шеңберінде өткізілді.

Подробнее

Іс-әрекеттегі зерттеудегі табысты тәжірибе

Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалы Қарағанды облыстық Білім басқармасымен және Қарағанды облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп,

2015 жылғы 6 қарашада Қарағанды қ. №93 гимназия базасында «Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Педагогикалық шеберлік орталығының Қарағанды қаласындағы филиалы Қарағанды облыстық Білім басқармасымен және Қарағанды облыстық Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, 2015 жылғы 6 қарашада Қарағанды қ. №93 гимназия базасында «Іс-әрекеттегі зерттеу» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Бұл шара «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында Екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша оқудан өткен сертификатталған мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Подробнее