Құрметті әріптестер!
Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) Нұр–Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларын 2020 жылдың 01-02 қазанында «Сабақты зерттеу (Lesson Study): қазақстандық мектептердің тәжірибесі» қалалық ғылыми– практикалық конференциясына (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады.
Конференцияға жалпы білім беру ұйымдарының, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, гуманитарлық колледждің педагогтері мен басшылары, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тренерлері қатыса алады.
Конференцияның өту форматы: онлайн. Қатысушыларды тіркеу 2020 жылдың 21 қыркүйегінде басталады.
Конференция ақылы негізде өткізіледі. Қатысу үшін тіркелу жарнасы – 3000 теңге.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанда Сабақты зерттеу (Lesson Study Kazakhstan) жобасын іске асыратын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін ұсыну және тарату.