ПШО командасының WALS 2019 (Амстердам қ., Нидерланды) конференциясына қатысуы туралы

Сабақты зерттеу дүниежүзілік қауымдастығының WАLS-2019 Халықаралық конференциясы Дүниежүзілік Сабақты зерттеу қауымдастығының жыл сайынғы халықаралық конференциясы (WАLS – World Association of Lesson Studies) «Оқыту мен оқыту үшін тұрақты педагогиканы дамыту» тақырыбы бойынша 2019 жылы 3-6 қыркүйекте Амстердам қаласында (Нидерланды) өтті. Конференцияға әлемнің 46 елінен 900-дан астам педагог пен ғалымдар қатысты.
Конференцияның фокусы негізгі үш тақырыпқа бағытталды:
• мұғалім шеберлігі
• оқуға және кәсіби дамуға тұрақты әсер ету
• педагогика
Іс-шара аясында 3 күн бойы 6 тақырыптық симпозиум, 350 сессия, воркшоптар, «дөңгелек үстелдер» және «ашық» сессиялар постерлік таныстырылымдар өткізілді.
Конференцияға қатысушылар сабаққа зерттеу жүргізудің тиімді тәжірибелерімен танысты. Басқа елдердің де мұғалім-зерттеуші тәжірибе алмасты.
Біздің тренер-әріптестеріміз Қазақстанның әр өңірінде жүргізілген зерттеулер туралы 6 баяндама жасады, «Бақылау формалары», «Рефлексия және сабақты бірлесіп жоспарлау үлгілері» тақырыптары бойынша екі шеберлік сыныбын өткізді.

https://www.walsnet.org/

Lesson Study Kazakhstan_final

Абдраманова К.С._англ

Абдраманова К.С._каз

Журба Л.В._англ

Журба Л.В._рус

Ибраева А.Р._англ

Калгинбаева Ж.С._англ

Калгинбаева Ж.С._рус

Копжасарова Т.М._англ

Копжасарова Т.М._рус

WALS халықаралық конференциясы, 3-5-қыркүйек, 2016 жыл, Эксетер қ., Ұлыбритания

 

2016 жылғы қыркүйек айының 3-5 аралығында Эксетер университетінде (Ұлыбритания) «Озық педагогикалық тәжірибе және мұғалімдердің кәсіби педагогикалық қауымдастықта білім жетілдіруі» тақырыбында Бүкіл әлемдік Сабақты зерттеу Ассоциациясының (World Association of the Lesson Studіеs) Х Халықаралық Конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты: «Сабақты зерттеуді жүргізуде зерттеушілер мен практик мамандардың ынтымақтастықта өзара білім және тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету»

 Сотрудничество практиков и исследователей с целью обмена знаниями и опытом в проведении Исследования урока».

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Кәсіби педагогикалық қауымдастықты дамыту: модельдер мен тәжірибе;
  • Әртүрлі мәдениеттегі Сабақты зерттеу тәсілі: пәндік және оқытушылық мәнмәтінде;
  • Тәжірибе арқылы білім қалыптастыру: тәжірибеге негізделген іс-әрекеттегі зерттеу және басқа да зерттеу тәсілдері;
  • Көшбасшылық және басқарушылық.

Дүниежүзілік 39 елден келген 500-ден астам делегаттар конференцияға қатысты.

Конференцияның түйінді баяндамашылары:

  • Профессор Энди Харгривз (АҚШ);
  • Профессор Киоми Акита (Жапония);
  • Профессор Кэтрин Льюис (АҚШ);
  • Доктор Пит Дадли ( Ұлыбритания).

Педагогикалық шеберлік орталығының (бұдан әрі – ПШО) 6 қызметкері мен Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 мұғалімінен тұратын қазақстандық делегация аталған конференцияда төмендегі баяндамаларды ұсынды:

  1. Лилия Журба (Көкшетау қ. ПШО филиалы) «Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту бағдарламасы – кәсіби даму моделі ретінде Сабақты зерттеуді енгізудің құралы»;
  2. Зухра Идришева (ПШО, Астана қ.) және Абдраманова Қызжібек (Қызылорда қ. ПШО филиалы) «Сабақты зерттеу тәсілінің мектеп мәдениетіне ықпалы»;
  3. Юлия Мельникова (Павлодар қ. ПШО филиалы) «Сабақты зерттеуді жүргізу аясында зерттеу сұрағын құрастыру»;
  4. Татьяна Машинец және Жадыра Сейсенбаева (Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) «IB Назарбаев зияткерлік мектебінде ағылшын және қазақ тілі пәндерінде сабақты зерттеуді жүргізу тәжірибесі»;
  5. Арман Иманшарипова (Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) «Қазақстан білім жүйесіне  Сабақты зерттеу арқылы енгізілген инновациялар».

Конференция қатысушылары қазақстандық делегацияның баяндамаларын жылы қарсы алды. Әсіресе, профессор Янош Гиори (Венгрия) мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамытуға бағытталған және мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болған Қазақстанның білім жүйесіндегі реформаларды қызығушылықпен бақылап отыратынын айтты.

Конференцияның түйінді идеялары:

  • Мектептің қажеттілігі мен жағдайына орай, сабақты зерттеу өзгерістерге енуі мүмкін;
  • Сабақты зерттеуді мектепке енгізуде университтеттердің қолдауы маңызды болып табылады.

Сабақты зерттеу үдерісінің оқыту мен оқуға оң өзгеріс енгізуге ықпал ететін элементтері:

  • білім алуға қолжетімділік ( мазмұн, нұсқаулықтар, оқушылардың қалай ойлайтынын түсіну);
  • қарым-қатынас (өзара әрекеттестік) сызбалары( тәуекелшілдікті қолдау, зерттеу жүргізуге бастама жасау, жаңа идеяларға қызығушылық таныту;
  • тәжірибеде қолдану (мектептегі тәжірибе, тиімділігі тұрғысынан оқушылардың жауаптарына назар аудару);
  • ынталандыру.

Педагогикалық шеберлік орталығы делегациясы мүшелерінің таныстырылымдары

Журба Лилия

Мельникова Юлия

Алимов Асхат