Тольятти қаласында (Ресей) өткізілген семинар «Мектепте Lesson Study-ді ұйымдастыру»

Travelling Lesson Study ғаламшар бойынша саяхаттауда! Таратуға лайықты идеялар таратылуда!

Педагогикалық шеберлік орталығы өзінің достарының және  мүдделестерінің шеңберін Қазақстан аумағынан тысқары жерлерде  кеңейтуде. Зерттеулер жүргізудегі Қазақстан мұғалімдерінің тәжірибесі ұсынылған «ED Crunch Moscow» халықаралық білім беру конференциясындағы кездесу Тольятти қаласының (Ресей) педагогтерімен ынтымақтастық құрудың бастамасы болды.

2018 жылдың 31-қазаны мен 2-қарашасы аралығында ЖЖББМ ОЖББМ «Мектеп» Білім беру Орталығы» педагогтеріне «Мектепте Lesson Study-ді ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізілді. 3 күн бойы мұғалімдер Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Жанна Байгаринованың басшылығымен өздерінің сабақты зерттеу жоспарын жасақтады, жағдаяттарды үлгіледі, оқыту тәжірибесін зерттеудің сұрағын құрастырды, бақылау формаларын мен сабақты талдаудың әдістерін әзірледі. Саралау, тереңдетілген педагогика және сабақ мақсатын қою сияқты аспектілер ерекше қызығушылық тудырды.

Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің күнделікті тәжірибесіне Lesson Study-ді енгізу мәселесі тольяттилік мұғалімдердің терең қызығушылығы мен көптеген сұрақтардың туындауының себебі болды. Кері байланыс семинар әдістерінің, ресурстар сапасының және тренингті жүргізу стилінің жоғары деңгейде бағаланғанын көрсетті. Оқыту және оқу мәселелері бойынша әрі қарай бірлескен жұмысты келешекте жалғастыру жоспарда бар.

«Тиімді жоспарлау және Lesson Study өткізу» тақырыбындағы семинар

2018 жылдың 10 қыркүйегінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері (Алданыш Ақерке, Жунусова Фарида, Кузембаева Камила, Жолдасбаева Сапура және Байгаринова Жанна) төрт мектеп базасында – №27 мектеп-лицейі, №23 орта мектеп, №38 мектеп-лицейі және №46 балабақша-мектеп-гимназиясы – Астана қаласының мұғалімдеріне арналған «Тиімді жоспарлау және Lesson Study өткізу» тақырыбында семинар өткізді.

Жаңа оқу жылы басталды және астанамыздың барлық мектептерінде мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесін зерттеуге кірісті. Семинардың қатысушылары (120 адам шамасында) болған зерттеу бойынша координаторлар, директордың орынбасарлары, даму командаларының мүшелері, мектеп тренерлері өздерінің Lesson Study/Сабақты зерттеуді енгізу бойынша әрекеттеріне талдау жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Қазіргі уақытта бірлесіп зерттеу жүргізетін мұғалімдер тобы құрылған, зерттеу барысында басымдық жасалатын оқыту мен оқудың аспектілері таңдалған.

Семинар қатысушылары өткен тәжірибенің қиындықтардан құтылуға және зерттеуді жүргізуде қателіктерді қайталамауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұғалімдер әлдеқашан сабақты бақылау формаларын әзірлеп, теориялық әдебиеттердің талдауын жасады, мұғалімдердің өзіндік тәжірибесін зерттеуді тиімді ұйымдастырудың тетіктерін жасап шығарған. Жасалған жағдайлар тереңдетілген педагогикаға басымдық беруге, зерттеу дағдыларын және әдістемелік тәсілдерді дамытуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталғанның барлығы семинар қатысушыларына Lesson Study үдерісін әрі қарай енгізу бойынша жоспарды әзірлеуге мүмкіндік туғызды. Қолдау көрсету мақсатында www.lessonstudy.kz сайтында ресурстар (бейнежазба, таныстырылымдар, мақалалар) және әріптестер мен ПШО тренерлерінен қызығушылықты тудыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін форумдар қолжетімді болып табылады.

Семинар таныстырылымдары:

Тиімді жоспарлау және Lesson Study өткізу

Эффективное планирование и проведение Lesson Study

 

 

WALS халықаралық конференциясы, 3-5-қыркүйек, 2016 жыл, Эксетер қ., Ұлыбритания

 

2016 жылғы қыркүйек айының 3-5 аралығында Эксетер университетінде (Ұлыбритания) «Озық педагогикалық тәжірибе және мұғалімдердің кәсіби педагогикалық қауымдастықта білім жетілдіруі» тақырыбында Бүкіл әлемдік Сабақты зерттеу Ассоциациясының (World Association of the Lesson Studіеs) Х Халықаралық Конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты: «Сабақты зерттеуді жүргізуде зерттеушілер мен практик мамандардың ынтымақтастықта өзара білім және тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету»

 Сотрудничество практиков и исследователей с целью обмена знаниями и опытом в проведении Исследования урока».

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Кәсіби педагогикалық қауымдастықты дамыту: модельдер мен тәжірибе;
  • Әртүрлі мәдениеттегі Сабақты зерттеу тәсілі: пәндік және оқытушылық мәнмәтінде;
  • Тәжірибе арқылы білім қалыптастыру: тәжірибеге негізделген іс-әрекеттегі зерттеу және басқа да зерттеу тәсілдері;
  • Көшбасшылық және басқарушылық.

Дүниежүзілік 39 елден келген 500-ден астам делегаттар конференцияға қатысты.

Конференцияның түйінді баяндамашылары:

  • Профессор Энди Харгривз (АҚШ);
  • Профессор Киоми Акита (Жапония);
  • Профессор Кэтрин Льюис (АҚШ);
  • Доктор Пит Дадли ( Ұлыбритания).

Педагогикалық шеберлік орталығының (бұдан әрі – ПШО) 6 қызметкері мен Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің 3 мұғалімінен тұратын қазақстандық делегация аталған конференцияда төмендегі баяндамаларды ұсынды:

  1. Лилия Журба (Көкшетау қ. ПШО филиалы) «Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің қашықтықтан оқыту бағдарламасы – кәсіби даму моделі ретінде Сабақты зерттеуді енгізудің құралы»;
  2. Зухра Идришева (ПШО, Астана қ.) және Абдраманова Қызжібек (Қызылорда қ. ПШО филиалы) «Сабақты зерттеу тәсілінің мектеп мәдениетіне ықпалы»;
  3. Юлия Мельникова (Павлодар қ. ПШО филиалы) «Сабақты зерттеуді жүргізу аясында зерттеу сұрағын құрастыру»;
  4. Татьяна Машинец және Жадыра Сейсенбаева (Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) «IB Назарбаев зияткерлік мектебінде ағылшын және қазақ тілі пәндерінде сабақты зерттеуді жүргізу тәжірибесі»;
  5. Арман Иманшарипова (Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі) «Қазақстан білім жүйесіне  Сабақты зерттеу арқылы енгізілген инновациялар».

Конференция қатысушылары қазақстандық делегацияның баяндамаларын жылы қарсы алды. Әсіресе, профессор Янош Гиори (Венгрия) мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамытуға бағытталған және мемлекет тарапынан зор қолдауға ие болған Қазақстанның білім жүйесіндегі реформаларды қызығушылықпен бақылап отыратынын айтты.

Конференцияның түйінді идеялары:

  • Мектептің қажеттілігі мен жағдайына орай, сабақты зерттеу өзгерістерге енуі мүмкін;
  • Сабақты зерттеуді мектепке енгізуде университтеттердің қолдауы маңызды болып табылады.

Сабақты зерттеу үдерісінің оқыту мен оқуға оң өзгеріс енгізуге ықпал ететін элементтері:

  • білім алуға қолжетімділік ( мазмұн, нұсқаулықтар, оқушылардың қалай ойлайтынын түсіну);
  • қарым-қатынас (өзара әрекеттестік) сызбалары( тәуекелшілдікті қолдау, зерттеу жүргізуге бастама жасау, жаңа идеяларға қызығушылық таныту;
  • тәжірибеде қолдану (мектептегі тәжірибе, тиімділігі тұрғысынан оқушылардың жауаптарына назар аудару);
  • ынталандыру.

Педагогикалық шеберлік орталығы делегациясы мүшелерінің таныстырылымдары

Журба Лилия

Мельникова Юлия

Алимов Асхат