«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа тәсілдерді қолдану: сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде» диалог алаңы

 

2018 жылдың 30 мамырында Қызылорда қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жаңа тәсілдерді қолдану: Сабақты зерттеу мектеп тәжірибесінде» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясында Сабақты зерттеудің инновациялық мектептер тәжірибесінде қолданысын зерделеу, зерттеудің 2017-2018 оқу жылындағы қорытындыларымен бөлісу және үздік жұмыстарды облыс көлемінде тарату болып табылады.

Іс-шараға «Сабақты зерттеуді» мектеп тәжірибесіне енгізіп, оқыту мен оқу үдерісіндегі тиімділігін зерттеуші инновациялық мектептердің көшбасшы ұстаздары, қалалық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.

Подробнее

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ӘДІСІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ» ӘДІСІН ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНДІРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

 

Тәжірибелік әзірлемелер жинағы

Сборник практических разработок

 

Авторлар:

Ж.С. Калгинбаева, С.Р. Матаева,

Р.Г. Сыздыкбаева, Г.С. Абильдаева,

П.Б. Ангаралиева,  А.А. Шатырбекова

 

Пікір жазғандар:

О.О. Стычева, п.ғ.к., доцент

Г.М. Темирбекова, ф.ғ.к.

 

Баспа:

Астана қ.,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,

2016. – 122 б.

 

ӘОЖ  374.00

 

Басылым тілі: қазақша

 

 
Жинақта «Сабақты зерттеу» әдісін іске асыру, жоспарлау, жүргізу, талдау мен рәсімдеу бойынша Шымкент қаласының А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында іске асырылған тәжірибелік жұмыстардың материалдары, сондай-ақ мұғалімдер мен тренерлердің рефлексиялары ұсынылған.

Жинақ мұғалімдердің кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпал жасауға бағытталған.

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЛАЙ САПАЛЫ ЖҮРГІЗУГЕ БОЛАДЫ

 

Әдістемелік нұсқаулық

Методические рекомендации

 

 

Автор:

А.А. Ошақбаева

 

Баспа:

Астана қ.,
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,

2016. – 62 б.

 

ӘОЖ 374.00

 

Басылым тілі: қазақша

Әдістемелік нұсқаулықта Сабақты зерттеу тәсілінің тарихы мен қолдану жолдары қарастырылады. Автор өз тәжірибесіне сүйене отырып, Сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімді қадамдарын ұсынған.

Әдістемелік нұсқаулық мектеп мұғалімдеріне Сабақты зерттеу бойынша сапалы зерттеу жүргізуге көмектеседі және өз тәжірибесін жақсарту үшін Сабақты зерттеумен айналысқысы келетін мектеп мұғалімдеріне арналған.

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY): А-ДАН Я-ҒА ДЕЙІН

 

САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ (LESSON STUDY): А-ДАН Я-ҒА ДЕЙІН

Әдістемелік нұсқаулықтар

Методические рекомендации

 

Автор:

Ж.К. Байгаринова

 

Пікір жазғандар:

И.У. Аушева, п.ғ.к.,

Н.П. Когород, б.ғ.к., доцент

 

Баспа:

Астана қ.,

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,

  1. – 46 б.

 

ӘОЖ 374.00

 

Басылым тілі: орысша

Әдістемелік нұсқаулық алфавиттік ретпен орналасқан Сабақты зерттеудің (Lesson study) нақты аспектілері бойынша қысқаша нұсқауларды қамтиды.  Ұсынылған нұсқаулар тренердің оқыту тәжірибесіне және мұғалімдер мен мектеп басшыларына курстан кейінгі қолдау көрсету тәжірибесіне негізделген.

Бұл нұсқаулық сабақты зерттеу тәсілін мектеп тәжірибесіне енгізумен айналысатын педагогтер мен мектеп басшылары үшін пайдалы болады.

LESSON STUDY: ӨЗІНІҢ САБАҒЫН ЗЕРТТЕУМЕН АЙНАЛЫСҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР ҮШІН

LESSON STUDY: ӨЗІНІҢ САБАҒЫН ЗЕРТТЕУМЕН

АЙНАЛЫСҚЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР ҮШІН

Әдістемелік нұсқаулықтар

Методические рекомендации

Авторлар:

Ж.Б. Абдрахманова,

С.Б. Биярова,

Г.Т. Зейнолдина

 

Баспа:

Астана қ.,

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,
2015. – 50 б.

 

ISBN 978-101-7780-68-5

ӘОЖ   371.214 КБЖ 74.202.5

 

Басылым тілі: орысша

 
Әдістемелік нұсқаулық Lesson Study тәсілін мектептерде қолдану, Lesson Study тәсілінің кезеңдерін жоспарлау, жүргізу және талдау бойынша тәжірибелік нұсқаулық ретінде ұсынылған. Lesson Study педагогикалық тәсілінің оқытудағы дағдыларды дамытып қана қоймай, сонымен қатар мұғалім мен оқушының өзін-өзі дамытуына ықпал етеді.

Әдістемелік нұсқаулық педагог қызметкерлерге, педагогикалық кадрларды даярлайтын гуманитарлық колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған.

LESSON STUDY БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

LESSON STUDY БОЙЫНША МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Әдістемелік нұсқаулық

Авторлар:

Т. Чичибу (Жапония),

Л.  Ду Тоит (ОАР),

А. Тулепбаева (Қазақстан)

 

Баспа:

Астана қ.,

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,

2013. – 72 б.

 

ISBN 978-601-80263-8-6

ӘОЖ 37.0   КБЖ 74.202   L 58

 

Басылым тілі:

қазақша, орысша, ағылшынша

 
Нұсқаулық оқытуды жақсарту үдерісі ретінде Сабақты зерттеу
(ағылш. – Lesson Study, жапон. – kenkyu jugyo) тәсілінің негізгі идеяларын ашады. Авторлар осы тәсілдің мақсаты мен артықшылықтарын, оны оқу үдерісінде пайдаланудың тиімділігін, сондай-ақ аталған тәсілді кезең-кезеңмен іске асыру жолдарын ұсынады.

LESSON STUDY: ТЕОРИЯСЫ МЕН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

LESSON STUDY: ТЕОРИЯСЫ МЕН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Әдістемелік құрал

Автор:

Пит Дадли (Ұлыбритания)

(ағылшын тілінен аударылған)

 

Баспа:

Астана қ.,

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы,
2013. – 70 б.

 

ӘОЖ 374.00

 

Басылым тілі:

қазақша, орысша, ағылшынша

 
Мектеп мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған әдістемелік құралда мектепте оқыту мен оқу тәжірибесін дамытуға бағытталған Lesson Study тәсілін жоспарлау, қолдану және талдау, сондай-ақ аталған тәсілді қолдану нәтижесінде жинақталған білім мен дағдыларды әріптестерге тарату мәселелері қарастырылады.

«Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу арқылы зерттеушілік ойлауды дамыту. Сабақты бақылау, транскриптілеу және талдау» тақырыбындағы семинар

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне «Қазақстандағы сабақты зерттеу (Lesson study Kazakhstan)» жобасын енгізу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында 2018 жылдың 26-27 наурыз аралығында Астана қ. Педагогикалық шеберлік орталығында (әрі қарай Орталық) «Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілін енгізу арқылы зерттеушілік ойлауды дамыту. Сабақты бақылау, транскриптілеу және талдау» тақырыбындағы семинар өткізілді. Орталық пен оның филиалдарынан 60 тренер қатысқан бұл іс-шара Ұлттық білім беру саласындағы зерттеу саясаты институтының жетекші ғылыми қызметкері Тошия Чичибудың (Жапония, Токио қ.) қатысуымен ұйымдастырылды.

Сонымен бірге Орталыққа тәжірибе алмасу мақсатында келген қосымша кәсіби білім беру Өңірлік мемлекеттік мекемесі «Алтай өлкелік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» қызметкерлері де семинарға қатысты. Астана қ. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мұғалімдері де семинар жұмысына қатысушылар қатарында болды.

Семинар барысында қатысушылар Сабақты зерттеудің жапондық моделінің мәдениеті, оны өткізу әдісі, бақылау жүргізудің ережесі және сабақты транскриптілеумен танысты. Деректерді жинақтау, уақыттық хронологиясы және отырғызу орны әдістері белсенді талқыланды.

Тошия Чичибу іс-сапар аясында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Халықаралық мектеп және екі жалпы білім беру мектептеріне (№ 72 мектеп-лицейі, Экономикалық лицей) барып, сабақты бақылау және талдауды іске асыру бойынша мұғалімдермен әңгімелесу жоспарланып отыр.

Педагогикалық шеберлік орталығы мен Тошия Чичибу арасындағы ынтымақтастық 2013 жылдан бері жалғасуда. Тошия Чичибу еліміздің 11 өңірінде Сабақты зерттеу тәсілін енгізу бойынша мұғалімдерге арналған практикалық семинарлар мен тренингтер өткізді. Осы атқарылған жұмыстың жемісі ретінде Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлерімен бірлесе «Lesson Study тәсілін жүзеге асыру бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық» жасалды.

Құрметті әріптестер. Менің сұрағым бар. Деңгейлік бітірген мұғалмдер порталға кіріп, өз жетістіктерін және оқушы жетістерін салып, рейтинг көтеруде. Ал биылғы оқу жылындағы аттестацияға байланысты жаңа заң қабылданды.

Құрметті әріптестер. Менің сұрағым бар. Деңгейлік бітірген мұғалмдер порталға кіріп, өз жетістіктерін және оқушы жетістерін салып, рейтинг көтеруде. Ал биылғы оқу жылындағы аттестацияға байланысты жаңа заң қабылданды. Мұғалмдерге учитель-модератор, учитель-исследователь и т.д аттестация қорытынды бойынша статус беріледі екен. Сонда біздің порталдағы статустарымыз рөл ойнамайды ма?? Деңгейлік курстан өткен кезде біздің тренер айтқан болатын, порталға кіріп жұмыс жасау керек деп. Реаттестация кезінде сол ескерлетін болады. Сонда біздің порталға бар еңбегіміз ескермейтін болды ма?

Білім берудегі жаңа тәсілдер талқыланды

Қызылорда, Астана, Шымкент және Алматы қалаларының педагогтары жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдарын талқылады.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Қызылорда облысының әкімі арасындағы қол қойылған меморандумға сәйкес, аймақтағы  инновациялық мектептерге тәжірибе тарату мақсатында Қызылорда қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны тұрғысынан білім берудегі жаңа тәсілдерді тиімді жүзеге асыру жолдары: мектептегі Асtion Research және Lesson study ғылыми зерттеу жобалары» тақырыбында аймақтық форум өтті.
Секциялық практикум, семинар және шеберлік-сыныптар түрінде ұйымдастырылған форум жұмысында  оқытудың жаңа тәсілдерінің тиімділігі және оны мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыруда қолдануы туралы кеңінен айтылды.
Форум жұмысына қатысқан Шымкент, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептер мен облыстағы 2 пилотты, 24 инновациялық мектептер өкілдері, Қызылорда қаласы педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлері, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Зерттеу департаментінің, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мамандары   оқушылардың білім сапасын арттыратын жаңа әдіс-тәсілдер мен сабақ түрлері бағытында жүргізген зерттеулерімен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.

© Источник:  Интернет-газета «Kyzylorda-news.kz